Ана...
Бағланды жеке сойдырған, Жағланға киім толдырған Өрешеден алып дәмдісін Алдыңа әкеп қойдырған Осынау жалған дүниеде Анадан жомарт бар ма екен?
Күн иісі
Жазда қалған жылуы мен жақсы әні, Бізге мәлім күздің жайы-жапсары. Қалықтаған әне біреу жапырақ Күн сынығы секілденген сап-сары.
Естисің бе, жан ана?...
Ай құлайды көздері ашық бөлмеме, Қар құлайды ұйқыдағы қалаға. Тылсым сезім, сыймай теңіз-кеудеме, Толқын болып соғып жатыр жағаға. Естисің бе, жан ана?...
Наурыз жыры
Еріді, міне, кілең де... Жер беті ұқсап кілемге, Аршылып қардан тастұма, Раң өскен қырдың астына Қыс қашып барад қалшылдап...
Ауыл. Іңір.
Ауыл. Іңір. Беймаза шақ – естегі Азан-қазан мал қайтқанда төстегі. Дала аспаны, түн алдында түнерген Қызылбауыр бұлттары бар көшпелі... Санамдағы сол суретті сарғайтқан Алматының алтындалған кештері.
Саксафоншы
Тілсіз жылап өмірге ғашық әні, Тәкаппар мұң табанға басылады. Тиын тастап үлгермей тақияға, Тағдырлылар...әр жаққа асығады.
Есіңде ме? Көктем еді...
Есіңде ме? Көктем еді. Көктеп еді бүршіктері талдың да, Қызыл гүлдер қаптап еді шалғында. Құшағына қызыл гүлді толтырып, Сен тұрып ең алдымда.
Алматының қар басқан көшелерінде
Үйренемін, әлі-ақ мен төселемін де, Сәл көңілсізбін, мұңымды еселедім бе? Сағынып келем жып-жылы жаз – ауылымды Алматының қар басқан көшелерінде.
Ей, самолет, самолет!
«Ей, самолет, самолет! Алматыға ала кет!» – деп жүгіріп жүргенде, Осы біздер бала ма ек?...
Жүктілікті жоспарлау
Егер сіздің шаңырақ көтергеніңізге бір жыл толса, (30-дан асқан әйелдер үшін жарты жыл да жеткілікті), бірақ жүктіліктің ешбір белгілерін байқай алмай жүрсеңіз, төмендегі деректермен міндетті түрде
Күмән
Ақ шәугімді қыздыратын көкшіл ғана нұр-жалын, Ешқашан да ұғылмаған жыр-жаным Шам сәулесі. Ас бөлмесі. Жалғыздық. Түнгі сағат бір жарым.
Тап-тазамыз енді екеуміз...
Тап-тазамыз енді екеуміз. Жыладық та, күнәмізден жуылдық. Жуылдық та, Меккемен тең мекенінен сезімнің Мәңгілікке қуылдық.
Тағы да көшедемін...
Тағы да көшедемін. Егер мен жанған бір тал шырпы болсам, Әлдеқашан түн жұтып, өшер едім. Гүл емеспін мен бүгін, бетегемін. Етегімді ашқан желден қорғанып, Жағамды көтеремін...