Ірімшік қосылған шелпек
Дайындауға кететін уақыт: 10 минут
Бұл өте тез дайындалатын, дәмін татқандардың бәріне ұнайтын және көп азық-түлікті қажет етпейтін шелпек.
Ұн - 2стақан, айран - 1стақан, тұз - 0,5 шәй қасық, қант - 0,5 ш.қ, ас содасы - 0,5ш.қ., үккіштен өткізілген ірімшік (сыр) - 1стақан.
1. Айранға тұз, қант, ас содасын салып, жақсылап араластырыңыз.
2. Қатты ірімшікті (сыр) үккіштен өткізіп, қосамыз. Ұн салып, жақсылап араластырамыз.
3. Иленген қамырды күлшелерге бөліп, кәдімгі май шелпек тәрізді етіп дөңгелетіп жаямыз. Ірімшік қосылған шелпекті осы күйінде майға пісіре беруге де болады. Немесе ортасына қалаған нәрсеңізді ұсақтап турап, салыңыз. Мысалы, шұжық (колбаса, сосиска), саңырауқұлақ, картоп, т.б. Шеттерін біріктіріп, оқтаумен тегістейміз.
4. Алдын-ала қыздырылған өсімдік майына орташа отта, қақпағын жауып, алдымен бір жағын, сосын екінші жағын аударып пісіреміз.

Ас болсын!