Содан бері күтпей кеттім Көктемді...

Содан бері күтпей кеттім Көктемді...
Еңсемді ылғи басады осы түн неге?
Шер дегенің жеңіл емес кімге де.
Түсінем ғой, жалғыздығын жаныңның,
Үндемеші, үндеме.
Бізге қазір керегі не ақылдың,
Өкінішін сездім жазған хатыңның,
Бір сағыныш көкірегімді сыздатып,
Жылай да алмай жатырмын.
Осыншама айналдырған санамды,
Бұл не сезім... бəрі түнек... қараңғы,
Ойнағысы келді-ау тағы тағдырым,
Тырнап ескі жарамды...
Бəрі бұлай бітетінін кім білген,
Қайда күндер, сен деп өмір сүргізген,
Күнəсі көп болса да сол кештерді,
Ұмыта алмай жүрмін мен...
Жүрек қанша қасіретті өткерді,
Сені бəлкім, бұл маңдайым көп көрді,
... Содан бері сенбей кеттім Өмірге,
Содан бері күтпей кеттім Көктемді...

Айжан Тәбаракқызы
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.