«МЕН СЕНІ ОЙЛАЙТЫНМЫН...»

admin 20-11-2017, 22:02 Ару әлем 0 пікір
«Төменге қонбайтұғын тәкаппар қыран ғой деп,
Мен сені ойлайтынмын, таусылмас жыр-ән ғой деп...
Жалынның барлығына күймес деп ойлайтынмын,
Саусағы әр бұрымға тимес деп ойлайтынмын...»

Ақұштап Бақтыгереева

Бұл ән – Менің көз жасым, Сүртілмеген...
Бұл ән – Менің жүрегімде қорғасын
Бүлкілдеген.
Бүлкілдеп тұрмас мәңгі
Көшеді бір күн менен.
Үніңді қайтсем екен...
Үлпілдеген?...
Үлпілдеген,
Айшықтап мына әлемнің ашық түсін,
Тек ғашық жан екенін бақытты шын
Сезе білген,
Сезініп, сол азапқа төзе білген
Сен де мендей, Гауһар-қыз, ғашықпысың?
Ғашықпысың?...
Ендеше, таныс саған –
Жалғыздық, күндердегі қауышпаған,
Құлазу – қуанышқа ауыспаған
Тәтті арман, тәтті кештер, тәтті елестер
Бұл күні алыстаған, алыстаған...
Алыс маған...
Тәптіштеп қайтем бәрін?
Ол – жылы алақан ед қар ұстаған
Мен – қар едім...
Бар едім.
Тоңбайтынмын.
Бар әлемге нұрлы әуен жолдайтынмын,
Мен де Оны ойлайтынмын...

Нәзира Бердалы
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.