Қосымша тағам енгізу тəсілдері

Нəресте 6 айға жеткеннен кейін, анасы қосымша тағам енгізуді (прикорм) бастайды. Бұл ретте жас анаға қосымша тағам енгізу жүйелері көмекке келері сөзсіз.
Жалпы қосымша тағам енгізудің 2 жолы бар:
❤педиатриялық қосымша тағам енгізу жүйесі. Əр апта сайын бір тағам өнімін, 1 шəй қасықтан беріп бастап, жайлап мөлшерін көбейтіп, тек бала ағзасы осы тағамға үйренгеннен кейін ғана жаңа тағам енгізу ( мысалы кəді, келесі аптада теңіз орамжапырағы т.б) бұл сызбада тағам мөлшері, балаға берілетін жаңа тағамдар қандай ретпен берілу қажет, барлығы көрсетіледі! Тағамды анасы өзі əзірлейді немесе дүкеннен дайын банкадағы пюрелерді алып береді. Бұл жүйе бойынша сəбиді жеке орындықта, қасықпен тамақтандырады.
❤педагогикалық қосымша тағам енгізу. Бұл əдіс - нəрестеге тағам түрлерін анасының ыдысынан біртіндеп аз мөлшерде беру арқылы ортақ дастарханнан тамақтануға көшіру, яғни банкалардың көмегінсіз. Бұл тəсілдің де өзіндік заңдары бар: тағамға аллергия болмас үшін анасының ыдысындағы тамақтың тек 2 түрін ғана беруге болады, жəне келесі тағам түрін 2-3 күннен кейін беріп көру керек. Жəне анасының бұл тағамдары қатты майлы емес, ащы да болмауы керек.
Алайда көп аналар қосымша тағам енгізуде екі тəсілді бірге алып тамаша жетістіктерге жетеді! Алғашында банкадағы пюрелерді жайлап беріп, ары қарай нəресте асқазаны үйренген соң, педогогикалық тəсілді қолданып баланың тағамға деген қызығушылығын сақтап қалады.
Əр бала əртүрлі сондықтан кей балаға педиатрлық тəсіл сай келіп, өлшенген қоспасыз асты тауысып жейді! Бірақ белгілі бір уақытқа келгенде ол тағамды жегісі келмей, ата анасының тағамына қызығары сөзсіз!
Ал кей балалар мүлдем тамақ ішуден бас тартып, анасы не істерін білмей дал болады. Жан жақтан туысқандары балаға тамақ берудің бірден бір тəсілі емшектен шығару деп қысым көрсетеді! Бұндай балаға анасының ыдысынан баланың көзінше микродозаларды беріп көру қажет.

Айдана Кеңесханқызы
дәрігер
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.