Ақ боз атты ханзада

Димаш Әділет интернет арқылы Қазақстандағы атақты адамдардың біріне айналды. Ол 11 жасында Швейцарияға оқуға кеткен, әлі де Женевада тұрады. Макро және микроэкономиканы игеруде. Ата-анасы мен туған жылы туралы нақты ақпарат жоқ. Дегенмен, кейбір дерек көздері оны 20 жаста деп көрсетеді және толық аты-жөні басқа болуы мүмкін дейді. Нағашы жұртында орыс ұлтының қаны бар Димаш - Алматылық кәсіпкердің баласы деген болжамдар жасалады.
Ақ боз атты ханзадаЖас жігіт көптеген қыздардың арманы,оның әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларын 200 мыңнан астам бойжеткен қадағалап, бозбаланың көңілін өздеріне аударуға тырысуда. Ол инстаграм желісіндегі ең көп оқырманы бар 15 кісінің қатарында. Суреттерінде өзінің сағаттарын, үйіндегі бөлмелерін, шатырдағы джакузилерін көрсетеді. Ең көп суреттері күнделікті өмірі, қызығушылықтары мен саяхаттары жайлы. Ол өзінің инстаграмдағы парақшасы жайлы былай дейді: «3 жыл бұрын инстаграмға тіркелдім, суреттерімді жүктедім. Күн санап парақшама жазылушылар саны көбейе түсті, танылу мақсаты ойымда да болмаған еді». Димаш ғаламторға тек қана суреттер салып қоймай, сонымен қатар әр түрлі тақырыптағы философиялық және мотивациялық ойлар жаза бастады. Өз ойын орыс және ағылшын тілдерінде жеткізеді. Ол жастарды білімді, білікті, рухы мықты азамат болуға талпынуға шақырады.
Ақ боз атты ханзада





Димаш үшін мінсіз қыз:
Ұлты: Барлық елдерде әдемі қыздар бар, бірақ маған Скандинавиялық (Солтүстік Европа) қыздар көбірек ұнайды.
Бойы: Биік өкшелі аяқ киім кигенде, өзімнен ұзынырақ болғанын қалаймын. Менің бойым 180 см.
Салмағы: Мен өте–мөте арық қыздарды жақсы көремін.
Дене сымбаты: Көбіне аяққа көңіл аударамын. Олар арық,ұзын,түзу болуы тиіс. Дене бітімі спортпен шұғылданатындығын көрсетіп тұруы қажет.
Шашының түсі маңызды емес, бірақ қазіргі кезде көбіне ақ сары шаштар ұнайды.
Шашының ұзындығы: Таңдар болсам ұзын шаштылар ұнайды. Шашы қысқа болса да ,өзіне өте жарасымды қыздарды көп кездестірдім.
Көзінің түсі де маңызды емес, бірақ жасыл, сұр түсті көздер өте ұнайды.
Жүзі: Түсіндіру қиындау. Кішкентай пісте мұрын, бота көз, қиылған қас, оймақ ауыз, маржандай тізілген тіске көңіл аударамын.
Ақ боз атты ханзада
Мұнымен қатар, жас жігіттің сүйікті қызына қоятын көптеген талаптары бар. Оның ойындағы қыз:




1)Өз-өзіне сенімді
2)Тартымды
3)Қылықты
4)Талғампаз
5)Өзіне күтім жасай біледі
6)Ұқыпты
7)Адал
8)Мейірімді
9)Жомарт
10)Тәрбиелі
11)Өзін қоғамда ұстай біледі
12)Тыңдай біледі
13)Зиялы
14)Кез-келген тақырыпта әңгіме өрбіте алады
15) Әзіл-қалжыңды жақсы түсінеді
16)Ешқашан кешікпейді
17)Шыдамды
18)Мақсатшыл
19)Жинақы
20)Асты дәмді әзірлейді

Сонымен қатар, жігіттің айтуы бойынша, қазіргі кезде жүрегі бос.

Ғаламтор мәліметтері бойынша дайындаған:
Жұлдыз Мұхитқызы
Оқи отырыңыз
Тогжан
29 наурыз 2016 00:27
+ +2 -
Ехх, шіркін десейші. Талаптары шектен шыққан сияқты. Бұл өмірде ондай мінсіз қыз жоқ шығар...
admin
29 наурыз 2016 22:03
+ 0 -
Тогжан,
әрине, мінсіз адам болмайды.Жігіттің бойжеткеннің келбетіне емес,жалпы болмысына қойылатын талаптарына көбірек мән беру керек сияқты. Себебі, бұл қасиеттер кез-келген ер адамға ұнайды. Ал әрбір қыз өмірде міндетті түрде өз ханзадасын кездестіреді.
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.