1 жарым жасар бала

1,5 жасар бала нағыз зерттеуші! Шкафта не бар? Мысықтың тамағы дəмді ме? Үстел үстінде не тұр? Барлығы-барлығы қызық.
❤оңай тұрып,жүріп, жүгіреді;
❤еңкейеді, отырып-тұрады, кейбір пысықтар секіреді;
❤өзіне айтылған өтініштерді түсінеді: ойыншық аюды алып кел, мұрныңды көрсетші, т.б.
❤өздігінен тамақтана алады, кружкамен өзі шай ішеді;
❤тіл дамуы өз жалғасын табады, кейбір балалар енді ғана "мама, папа" сөзін айта бастаса, енді бірі 2-3 сөзден тұратын жеңіл сөйлемдерді айтады;
❤анасының барлық əрекетін қайталауға тырысады: ыдыс, еден жуысу, ойыншықтарына тамақ беру т.б.
❤пассивті сөздік қоры көп, айта алмаса да мағынасын білетін, түсінетін сөздері жетерлік! Тілдің дамуына ұсақ моторика көп əсер етеді, сондықтан санамақ, қуырмаш, құм ойнау, саусақпен сурет салу мидың сөйлеуге жауапты орталығын іске қосады;
❤1.5 жасар бала 10-11 сағат түнде, күндіз бір мезгіл 2-3 сағат ұйықтайды. Жəне бұл жастағы балалар əлі де емуден бас тартпайды.

Айдана Кеңесханқызы
дәрігер
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.