1 жасар сәби
Міне, көптен күткен 1 жас мерекесіне де жеттіңіздер! Дəрменсіз, ешнəрсе білмеген сəбиіңіз бүгін қолынан көп нəрсе келетін, қызығушылығы көп кішкентай адам! Алда әлі екі үлкен даму кезеңі бар: өздігінен жүру мен сөйлеу. Осы кезеңдерде сəбиіңізге сіздің үлкен көмегіңіз қажет. Сəбиіңізбен сөйлесіп, бәрін түсіндіре беріңіз.
❤ көптеген балалар 1 жасқа жеткенде өздігінен тұрып, қадам жасап, жүре бастайды ( сəбиіңіз əлі жүрмесе де еш уайымдамаңыз, қалыпты жағдайда 1.5 жасқа дейін жүруі тиіс);
❤отыру,еңбектеу сияқты əрекеттері бұрынғыдан əлдеқайда тезірек;
❤ мағынасын түсініп бірнеше сөз айтады (5-10 сөз);
❤қатты тағамды өзі тістеп, шайнап жейді;
❤кружка мен қасықты бұрынғыға қарағанда жақсырақ меңгеріп қалды ( əрине егер ата анасы өздігінен тамақтануына рұқсат берген жағдайда);
❤өзіне ұнамаған нəрсеге барынша ашу ызасын көрсетіп қарсылық білдіреді;
Балаңыз жиі сүрініп, құлай бастайды да, сіздердің келіп оны тыныштандырып, еркелеткендеріңізді қалайды! Сіз жасаған əрекеттің барлығын қайталайды. Əн айтып, би билеп, қонақтарыңызға қуаныш сыйлары сөзсіз!
Тəулігіне 10-11 сағат түнде, 2-3 сағат күндіз ұйықтайды.
Баланың белсенділігі артқандықтан салмақ қосуы баяулайды.

Айдана Кеңесханқызы
дәрігер
дәрігер