КЕШІРІМ
"Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш"... Бұл сөздің қаншалықты ауыр болса да, соншалықты шындық екеніне көзім жеткен. 2007 жылы немере сіңлім жол-көлік апатынан опат болды. Қарсы шыққан көліктегі жүргізуші ұйықтап кеткен. Əкемнің інісінің қызы деген аты болмаса, ол менің бір көрпенің астында өскен, туғаннан бір кем емес сіңлім еді. Кітабымдағы "Мөлдірге" деген екі өлең соған арналған. Бұл тақырып мен үшін əлі де ауыр... Кешірім сұрап келді. Ағам (кіші əкем) кешті. Кеткен адам кетті. Қайтып оралмайды. Оны түрмеде шіріткеннен не қайыр? Баласы əкесіз өседі. Жүкті келіншегі апат үстінде қасында болған екен. Бір əке баласынан айырылды, бірақ, бір баланы əкесінен айырмады... Ал, сіңлімнің анасы (жеңгем) кеше алмады. Қайғы ішіне түсіп кетті. Үш жылдан соң қызының артынан аттанды. Марқұмдардың жатқан жері жарық болсын!
Бұл оқиға менің таным-түсінігімді 180 пайызға өзгертті. Бастапқыда - күйзеліс, төрт қабырғаға қамалып, ас-су ішпей жатып қалдым. Денсаулығым сыр беріп, ауруханаға түстім. Шердің, мұңның ең түбіне бойлап барып, күлден түлеген феникс құстай қайта тірілдім. Кеше алмай жүрген адамдарымды кештім. Бес бересі, алты аласы жоқ адамды кешіру мүмкін оңай шығар. Ең қиыны - жақсы көрген адамыңның, досыңның, жақыныңның опасыздығы, сатқындығы, қателігі, қылмысы...
КЕШІРІМ. Үш сатыдан тұрады. Алғашында мойындай алмайсың. "Мүмкін емес" деп қайталай бересің. Сенбейсің. Жек көресің. Кешіре алмайсың. Парадокс, бірақ кешіре алмау - кешірімнің алғашқы баспалдағы. Содан кейін енжар күйге түсесің. Ол адам бар ма, жоқ па - бəрібір. Немесе "ол мен үшін өлген" деген сөзді қолданасың. Оны өміріңнен сызып тастағың келеді. Ішіңде шешілмеген тас түйін бар. Көргің де, естігің де келмейді. Бұл екінші саты, кешірімнен қашу. Көп адам осы екінші сатыда қалып қояды. Ажырасады, ат құйрығын кесіседі, бет көріспей кетеді. Кейде "кешірдім" деп ауызбен айтады, жүрекпен емес. Себебі, кешірмесе, жүрегіндегі ашық жара қанталап, түбі өзі өлетінін оған ағзасы айтып тұр. Уақыт өтеді. Жараның орны жазылады. Бірақ, тыртық қалады. Дəл сол жағдай, сондай адамдар оның өмірінде қайталана береді. Өйткені, өмірдің сабағынан тəлім алған жоқ.
Сіз шын жүрегіңізбен кешіргенше, кешірмеген кісіңізбен арадағы көзге көрінбейтін жіп үзілмей тұра береді. Кешірім оған емес, сізге керек! Бұл жағдай өміріңізде қайталанбау үшін, болашаққа деген жолыңыз ашық болуы үшін, өмір сүру үшін. Кек - рухтың дерті, түбінде тəннің дертіне шалдықтырмай қоймайды. Барлық діндерде иман келтірудің Тəубеден басталуы тегін емес. Жаратушы кешірімді. Сонда, кешірмейтіндей біз кімбіз? Кешірімнің үшінші сатысы, яғни, шынайы кешірім - біліп-білмей жасаған күнəларың үшін Құдайдан кешірім сұрау жəне өзіңді өлердей ренжіткен жанға жақсылық тілеп, дұға ету. Бұдан кейін онымен қарым-қатынасыңды қалпына келтіре аларсың-алмассың, бірақ, сен боссың, еркінсің! Жан-дүниең енді ғана тыныштық табады. Сен арылдың. Сен кешірдің...

Нәзира Бердалы