Өмірге ғашық жан
Жанар бүгін ерекше көңілді. Жүзі бал-бұл жанып, бақыттан көзі нұр шашып тұр. Оның себебі, бүгін бала күннен бергі арманына қол жетті. Сүйікті мамандығының иесі атанып, қанша жылдан бергі ізденіп, оқығанының еңбегі қайтып, үздік дипломды қолына алды. Ата-ананың үмітін ақтады деген осы болар. Ендігі ойы, ынтасы- дүниенің кетігін тауып, кірпіш болып қалану. Жанар ата-анасының жалғыз көз қуанышы. Қарапайым отбасынан шыққан ол өте тәрбиелі, оқуға зерек, пысық қыз болып өсті. Сұңғақ бойлы, аққұба, кең майдайы мен көздері өзара үйлесім тауып, пісте мұрны мен оймақтай ерінімен жарасып-ақ тұр. Кішкентайынан өсірген ұзын, кекілсіз шашын жинап қойғанды ұнатады. Тал бойына киген киімі өзіне жараса кететін. Оны көргенде жігіттер тұрмақ, қыздардың өзі қызыға қарап қалатын. Əппақ, əсем жүзі күлімсіреп, адамның көзіне тіке қарап сөйлегенде, өзіне баурап алатын.
Ата-анасы бар асыл қасиеттерін бойына сіңіріп өсіріп, үміт күткен қызының қуанышын тойлауға дайындықты бастап та кетті. Ағайын-туыс, дос-жаранның басын қосып, ақ тілектерін қабыл алуға арналған ақ дастархан жайылып, оның үсті Жанар мен анасының даярлаған тәтті, дәмді асына толды.
Шақырылған қонақтардың барлығы дерлік жиналған. Арасында Жанардың бұрын-соңды көрмеген адамдары да бар екен. Оның бірі - ұзын бойлы, қою қара шашты, қасы да қап-қара, өңі қараторы сымбатты денелі жас жігіт. Ол Жанардың əкесі досы Орынбектің ұлы Жандос еді. Орынбек əкесінің əскерде бірге қызмет еткен жан досы. Жерлес болып шыққан жігіттер, əскерден кейін де жақын араласып, дос болып кеткен. Жанардың əкесі жиырма бес жасында көз жанарынан айрылып, қиналғанда қасынан табыла білген жанашыр достарының бірі еді.
Орынбек Жанарға келіп - айналайын, дипломың құтты болсын, жемісін көр, деп құттықтап, -əй, балам Жандос бері кел деп оны Жанармен таныстырды. - Ал Жанаржан бұл менің тұңғыш ұлым , танысып, əңгімелесіңдер. Сендер араласып жүрсін деп, əдейі ертіп əкелдім. Балаларымыздың да араласқаны дұрыс деп ойладым. Солай емес па, деп жатыр. Қысқа таныстықтан басқа бұлар бір-біріне ештеңе дей қоймады. Дастархан басында бір - бірімен көздері түйісіп қала берді. Бұл кезде екеуі де бұдан əрі уақытта тағдырларының бір арнаға тоғысатынан бейхабар еді.
Қонақтар əдемі тілектер, əсем əндер айтып, көңілді отырды. Жанардың əкесі мен анасына сөз беріліп, əкесі тебірене сөйледі. -Қымбатты ағайын-туыс, бауырларым, достарым. Бəріңіз де осы Жанарымның қалай өсіп, бізді қуантып жүргеніне куəсіздер. Мен оны көзіммен көре алмасам да жүрегіммен сеземін. Сіздерге ризамын. Жанарымды үш жасынан бастап көруге мүмкіндігім болмаса да, оның ибалы, сұлу болып өскенін білемін. Анау дипломның іші толған үздік баға екенін көріп тұрмын. Мен бəрін жүрегіммен көремін. Мен бақытты əкемін. Менің көзім де, жанарымның нұры да осы қызым - Жанар. Жанарым барда менің көзім нұрсыз болмайды. Аллаға шүкір, -деп толқи сөйледі. Оның сөзіне көзіне жас алмаған жан болмады. Оның басынан өткен қиындықты нардай көтеріп, мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан, жанұясын асырап, жеткізіп отырған азамат екенін осы отырғанның бəрі біледі. Жанардың əкесі мінезге бай кісі. Өзінің бірінші топ мүгедегі болғандығын Алланың сынағы деп қабылдады. Көзі көруі нашарлағаннан-ақ, емделді, ізденді, бірақ ауруы глаукоманың асқынған түріне айналып, көзі мүлдем көрмей, зағип болғаннан кейін, көнбеске амалы қалмағанды. Жұмыстан шығып, бір жылдай уақыт үйден шыға алмай отырып қалды. Бір күні "Қазақ зағиптар қоғамының" бар екендігін, онда еңбек етуге болатындығын естіп, бұдан əрі отыруды жөн көрмеді. Барса өзі сияқты жанардан айрылған жандар жұмыс жасап жүр, тіпті əйел адамдар бар екен. Тағдырына налудың, болашақтан қорқудың еш негізі жоқ екенін түсінді. Содан бері тоқтамастан ел қатарлы еңбекке араласып, еңсесі көтеріліп, жанұясын асырап жүргеніне шүкіршілік етеді.
Хош, сонымен не керек, Жанар жақсы жерге жұмысқа орналасқысы келіп, беделді, белді деген ұйымдарға, кəсіпорындарға түйіндеме қалдырып жұмыс іздеді. Еңбекақысының мол болғанын қалады, арманы əкесін шет елге апарып, көзіне ота жасату. Ол соңғы курста жүргеннен-ақ табыскер еді, мамандығы экономист-бухгалтер болғандықтан, есеп-қисап жүргізуге тапсырыс алатын. Компьютердегі бухгалтерлік бағдарламаларды жақсы меңгерген ол өз жұмысын сүйіп жасайтын. Студент күнінде Жанар талай республикалық, халықаралық олимпиада, конференциялардан олжалы келетін. Болашағынан үлкен үміт күттірген Жанарды Университет əкімшілігінен қоңырау шалып, жұмысқа шақырды, магистратураны ұсынды. Бұл ойланатынын айтты. Анасымен ақылдасып, ішкі ойын айтты : - Анашым, білемін онда жалақы аз. Ал мен əкемді емдеткім келеді, ол үшін көп қаржы керек білесіз. Магистратура да керек, бірақ ол кезде маған жұмыс жасауға болмайды ғой және ағылшын тілін жетік меңгеруім қажет,- деді ойға батып. Қызының бұл сөзінен магистратураны қалап тұрғанын сезген ана: -Алтыным, екі жыл ғана ғой, оқып алғын. Əкең екеуміз ешкімге алақан жайған емеспіз , əлі жаспыз (жымиып). Бізге бола арманыңа шектеу қойма қалқам,- деп қолдау көрсетті. Көп ойланып, əке мен ананың қолдауын, батасын алып Жанар құжаттарын тапсыруға университетке келді. Магистратураның қабылдау комиссиясында Жандоспен кездесіп қалған оның жүрегі еріксіз жиі соғып кетті. Комиссия мүшесі болып отырған Жандос екеуі көптен таныс адамдай амандасып, тез сөйлесіп кетті. Жігіт түскі үзіліске сұранып, Жанарды шəй ішіп, əңгімелесуге шақырды. Екеуі жақын маңдағы кафеге келіп жақын танысып, армандарымен бөлісті. Жандос салмақты, əр сөзін ойланып сөйлейтін жігіт екен. Ағылшын тілінің маманы, университетке жақында ғана жұмысқа орналасқан екен. Елордадағы университетті жəне магистратураны аяқтап, дипломын алып, əке-шешені қуантуға келген ол, туған қаласында қалуды шешіпті. Ол Жанарға ағылшын тілін үйрететін болды. Екеуі тіл үйренуге сабақ кестесін жасап, бірі жұмысына, бірі үйіне қарай бет алды. Аяғын əндете басып, кеудесі күй ойнағандай сезімде Жанар, өз-өзінен еріксіз күлімдейді. Автобуста да, көшеде де адамдардың барлығы бұған жақсы көріп қарайтындай.
Бұрын мұндай сезімді басынан өткермеген бойжеткен, бір ғажайып ертегілер əлемінде жүргендей. Бұл не? деп өзіне сұрақ қойса да, жауабын тіпті білуге құмартып та тұрмағандай. Ең бастысы жан-дүниесі əн салып, бұл сезім өзіне ұнап тұр ғой. Үйіне аяғымен емес, бір қанат бітіп, ұшып келгендей күйде жетті. Тыстан кірген баласының көңіл-күйін қабағынан танитын ана көңіл емес пе, Жанардың анасы қызының көзінен бір жарқылды байқады. Бірақ ештеңе деп сұрамады, өзі айтар деді. Жанар анасына Жандостың жұмыстан кейін, өзіне келіп, тіл үйрететінін айтты. -Ана, Жандос салмақты, жақсы жігіт екен, - деді. Сол күннен бастап, екеуі сабақты бастап кетті, мектептен, университеттен алған шет тілінен базалық білімі бар Жанарға тіл үйрену аса қиын болған жоқ. Тез меңгеріп келе жатты. Сабақтан кейін, кешкі асты бірге ішіп, серуендеп келетін болды. Жанардың əке-шешесі құрақ ұшып, Жандосқа алғысын жаудырып отырады. Анасы кешкі асқа ең дәмді тамағын дайындайтын болды.
Есесіне, Жандостың анасы көңілі алабұртып, баласын күтетін. Қанша жыл сыртта жүріп сағындырған баласы ерте кетіп кеш келеді. Мына қыз магистратурасына түсіп, маза берсе екен баласына деген ойлар мазалайды. Айтып та қалады. Жандос анасының бұл сөзіне еріксіз күліп, анасын құшақтайды. Анасының өзін қызғанып отырғанын сезеді де, - апа-ау, сонда сіз ертең мені келініңізден де қызғанасыз ба, сіздің орныңыз мен үшін бөлек екенін ұмытпаңызшы, деп басу айтады.
Арада бірнеше айлар өтті. Жанар бір мезгіл магистратураға сабағына барады, бір мезгіл жекеменшік фирмаға жұмысына барады. Еңбек кітапшасы жүрмесе де, аз-маз ата-анасына көмектесейін , өзінің жүріп-тұруы бар дегендей деген оймен орналасқан жұмысы. Түнімен қосымша, бұрыннан жасаған есеп-қисабын жүргізіп, тапсырыс алады. Əйтеуір дамыл таппайды, Жандос екеуі кездесуге уақытты əзер келістіреді. Екеуі бүгінде бір-біріне өте бауыр басқан. Бір - біріне деген сезімді еш сөз айтпай-ақ, көздерімен ұғысады. Жандос Жанарға сезімін сыртқа шығарып айтуға бата алмайды. Бірақ көрмесе тұра алмайтын халге жетті. "Шынымен ғашықтық сезімі ме, бұл" деп өзіне сан мəрте сұрақ қойды. Елордада оқуда жүргенде айналасында қаншама қыздар болғанда, ешбіріне мұндай сезім болмапты. Жанарды алғаш көргенде, апыр-ау неткен сұлулық деп оның сыртқы сұлулығына қызығып, көз ала алмаған. Енді жақын таныса келе, оның зеректігі, ақкөңілділігі, еңбекқорлығы мен табандылығы, нəзіктілігі тəнті етті. Онымен кездескен сайын, арманындағы аруы осы Жанар екендігінде оның еш күмәні қалмады. Оның үстіне, əкесі де "Жанар өте тəрбиелі бала, айналайын" деп отырады.
Жандостың өзінен кейін інісі жəне қарындасы бар-тын. Олар да Жанарды көрсе, -тезірек үйге келіп, жеңше деп жүреміз - деп ұялтып қояды.
Күндер өте берді. Қыс өтіп, жаз шықты. Жаз өтіп, күз келді. Сөйтіп, екі жыл да зымырап өте шықты. Жанар магистр атанып, бақыттан жүзі бал-бұл жанды. Көздеп жүрген үлкен холдингке бас маман болып жұмысқа орналасты. Арманының тəй-тəйлап жүзеге асып, мақсатының орындалуына жақындап қалғанына Аллаға мың сан шүкір айтып, қатты қуанды. -Əке, ана, бəрі сіздердің арқаларыңыз, сіздерді жақсы көремін! - деп ата-анасын құшақтап, сүйді. Дəл сол күні сүйгені Жандос, өмірлік жары болуға ұсыныс жасап, қолын сұрады. Жанар - Əрине, мен қарсы емеспін. Ата-анамның үмітін ақтап, тұрмыс құрып, немере сүйгізу менің де арманымның бірі. Оған өзіңдей азаматты лайық көремін. Бірақ, мен əкемнің немересін көзімен көргенін қалаймын. Сол үшін, еңбек етіп, емдеткім келеді. -деді.
Жандос:-жаным - ау , саған кім кедергі келтіреді. Екеулеп көмектесеміз. Маған тұрмысқа шығып, ата-анаңды ұмыт демеймін ғой. Олар менің де ата-анам болады. Мен ендігі күндерімнің таңын сенімен қарсы алып, сенімен бірге болғым келеді. Той күнін белгілейікші, жаным, - деді. Жандостың мына сөздері Жанардың қарсы уəж айтуға шамасы қалмады.
Ол сүйгенін одан əрі тани түсіп, жақсы көріп кетті. Өзінің жар таңдауда қателеспегенін ұқты.
Сонда да ата-анасына Жандостың ұсынысын, оған айтқан өзінің жауабын айтты. Қызының əңгімесін естіген əке үнсіз қалды. Ол ойға шомып кетті.
"Апыр-ау, мен қай жерде, қай кезде осалдық таныттым. Мына кіп-кішкентай қызымның мені ойлап уайымдайтындай, қиналғанымды қашан білдірдім. Бұл жиырма бес жыл бойы солып, əбден сөлі кепкен көзі құрғырдың қай жерін орнына келтірем деп жүр, алтыным-ау. Қиналып жүр екен ғой, мені ойлап". Қолына кітап алып, əріп танығаннан бастап, өзіне газет -журнал , кітаптар оқып беретіні есіне түсті. Кейін бойжете бастағанда аудио кассетаға, дискіге жазылған кітаптар əкеп беріп жүрді. "Кішкентайынан -ақ қолынан ұстап қамқоршы болып келеді ғой, қалқам. Бірақ, осыншама өз бақытын құрбан етуге даярлығын қарасаңшы, əй балалық -ай. Өз өмірін, еңбегін тек маған арнауға бола ма екен. Əй, баламысың деген". Ол қызына қолын созды, Жанар да əкесінің созған қолын ұстай алды. Əкесінің үнсіз қалғанынан өзі де анасы да қорқып қалған болатын. Тізерлеп алдына отырған Жанардың шашынан сипаған , əкесі: -Ботақаным-ау, мен осы күйімді, осы өмірімді, осы сынақты қабылдап қойғанмын. Шүкірмін, көзі бар бола тұра көрмейтіндер, құлағы бола тұра естімейтіндер бар. Мен көремін, естимін, жүремін. Аллаға шүкір, осыған ризамын. Міне, өзіңсің анаң екеуміздің тəрбиеміздің жемісі, отбасымыздың айнасы. Сендей қыз өсіргеніме мақтанамын. Бағыңды байлама, қайта бізді қуант, қуанта бер. Бақытты бол, күнім, - дегенде жұмылып қалған көзден аққан жас бетін жуды. Бәлкім бақыттан, бәлкім көрген қиындықтарынан үшеуі бірге жылады...
Екі жасқа екі жақтың ата-аналарымен, ағайын - тума, дос - жаранның бата, тілектері беріліп, той жасалды. Жандос пен Жанар отау құрды. Күнделікті күннің тыныс-тіршілігі зымырап өтіп жатты. Жанар үшін жаңа орта, ата-ененің көңілінен шығу, қонақ күту, тумалармен араласу, жұмыс, үйдің тірліктері бəрі қызық. Ата-анасына да хабарласуды ұмытпайды. Бір ай өткен соң, бұл шаңыраққа тағы да келін түсті де, үйдің үлкені бұларды бөлек отау етіп шығарды. Жандостың осы жерде азаматтығы білініп, үйді Жанардың ата-анасының үйіне жақын жерден сатып алды. Сондағысы, Жанар кетіп, екеуден-екеу қалған ата-анасына жиірек барып тұрсын, қолғабыс етіп, жалғызсырайтпайық дегені. Бұл ісіне ата-енесі мен Жанардан басқа да, барлық таныстары риза болып жатты.
Жарасымды жұп тату-тəтті жұбайлық өмірдің бақытты күндерін кешіп жатты. Осындай күндердің бірінде Жанар сырқаттанып қалды. Əлсіздік, қан қысымы көтерілген, емделіп, тексерілу керек, жақсылап демалу керек деді дәрігер. Жанар мəн бергісі келмесе де, жұмыста отыра алмағасын емханаға барды. Жандос та алаңдап, Жанарға телефон соғып, емханада екенін білгеннен кейін, жүгіріп жетті. Терапевт дəрігердің барлық сұранысын орындап, анализдерін тапсырды, маман дəрігерлерге барып тексерілді. Кешке дейін əр есіктің алдында кезек күтіп, əр дəрігердің сұрақтарына жауап беріп шаршаған олар, бір жағы уайым бар, үйге құр сүлдері келіп жата кетті. Жанар көз дəрігерінің түрлі сұрақтарын есіне алып, түнімен көз ілмеді. Соңғы уақытта көз шаршауын жиі сезініп, көзінің түбінен ауырып басылатын. Компьютерде көп отыратын болғандықтан шығар деп, арнайы жаттығулар да жасайтын еді.
Таңертең екеуі дəрігерге бар қағаздарын реттеп, кірді. Дəрігер барлық келген анализ қорытындысы мен дəрігерлердің сараптамасын мұқият қарап алып: - Сіздерге екі жаңалығым бар. Бірі қуанышты, екіншісі - жайсыз деді. Қуаныштысы-сіздер, біріңіз əке, біріңіз ана атанасыздар. Жандос пен Жанар бір-біріне күлімсірей қарады. Бірақ артынша дəрігердің жайсыз деген сөзі естеріне түсіп, қобалжып, дәрігерге жаман жаңалық айтпаса екен деген үмітпен қарады.
- Ал, жайсыз деп отырғаным, Жанар ханым сіз көзіңізді неге емдетпегенсіз. Əлде де тексереміз, бірақ сізде глаукома ауруының қаупі бар. Əзір аяғыңыздың ауырлығына байланысты ем қабылдай алмайсыз, - деп сөзін аяқтады.
Жанар бір мезгілде, бір-біріне қарама-қарсы екі хабарды естіп, не қуанарын, не қуанбасын білмеді. Өмірге сәби əкелетінін ойлап қуанса, ізін ала екінші хабар көлбең етіп, уайым басады. Қалай болады деп уайымдай бастаса, көз алдына уілдеген сәби бейнесі келе қалып, жүзіне күлкі үйіріледі.
Жандос та Жанардың күйін кешті. Жары үшін алаңдап, қиын болды-ау, ертерек байқап, жанарын тексертпеген екем деп ойлады. Мүмкін емес, бір реті болу керек қой деп сұрастырғысы келген еді, Жанар оған тоқтау салды. Менің жайымды бəрінің біліп, мен үшін уайым шеккенін қаламаймын, əлі де тексереміз деді ғой, ал қуанышымызбен бөліссең қарсы емеспін, - деп еркелеп қойды соңында. Екеуі жақындарына қуанышты жаңалықпен бөлісіп, оларды да қуантып қойды. Бірақ ана жүрек қызының көзінде бір уайым барын байқап, себебін сұраса да Жанар айтпады. Жандоспен ренжісті ме деп ойлаған анасы, аяғы ауыр əйелдің кірпияз мінезі пайда болатынын айтып, қызына ескертіп қойды.
Жанар азғана күн демалып, қайтадан жұмысына қосылды. Күндер өте келе күдігі сейіліп, көңіл-күйі де реттелді. Есі-дерті болашақ сəбиінде, ерекше күтінбесе де, уақытымен тамақтанып, таза ауада көбірек болады. Жандос көз дəрігерімен кездесіп, аурудың қаншалықты қауіптілігі туралы сұрады. Ол босану процесінде немесе босанғаннан кейін көру қабілетінің төмендеуі, мүлдем жоғалту қаупі барын білді. Жəне оның тұқым қуалайтынын білгенде осындай жағдайды ертерек ескертіп, Жанарды жасынан қадағалап тұрмағаны үшін дəрігерге ренжіді.
-Сонда не істеу керек, жасырмай турасын айтыңыз-деп сұрады.
-Суқараңғылыққа қарсы тамызғыш дəрілер де ішке қабылдайтын дəрілер де баланың дамуы үшін зиян. Ашығын айтсам, баланы алдырып, емделіп алған дұрыс болады, болмаса жұбайыңыздың суқараңғылыққа ұшырауы əбден мүмкін- деген дəрігердің сөзіне, жауап қатпастан кабинеттен шығып кетті. О Алла, мына қиындықтан шығуға көмектесе гөр. Жанарымның бақытты жүзін, күлімдеген көзінен көргім келеді, - деп жалбарынды.
Дəрігермен кездесуден кейін, Жандостан маза кетті. Жанарға қалай айтарын білмеді, дұрыс түсінбей, көңіліне қаяу түсіріп ала ма деп қорықты. Ақыры, Жанарды алып, дəрігерге келді. Жанар əрине, түбегейлі қарсы болды. Алланың берген сыйынан бас тартып, өмір бойы өкініп қалудан қорықты.
Күндер жылжып өте берді... Жанардың да босанатын уақыты таяды. Көзінің көруі нашарлап, амалсыздан киген көзілдірікке де үйренді. Жаны қалмай, жанына медеу болып жүрген Жандосына қиналғанын, уайымын сездіргісі келмейді. Ата-анасы да мұны ойлап жүдеп кетті. Атасы да тілегін тілеп, Алладан қол жайып, Жанардың сəбиін көзімен көріп, құшағына алуын жалбарына сұрауда. Тек енесі... Білдіргісі келмесе де сезіліп тұрады - ау. Баласының жаман айтпай жақсы жоқ, əйелі соқыр болып қалса , күні не болмақ? деп уайымдайды. Осының шет-жағасын баласына жеткізгенде Жандос анасына жалт етіп, шошына қараған. Анасы болғандықтан ғана ешнəрсе демеді. Тірі тұрғанда Жанарына сөз жуытпас, аман-есен босанса, емдетеді. Тек өзі де, сəбиі де аман болсыншы. Əлі-ақ бұл қиындықты ұмытар.
Жексенбі күні болатын, Жанар үйдің тірліктерін жасап жүрген. Нашар көрсе де, бар тірлікті өзі жасайтын, жалқау болып кетемін деп көмекші шақыртпайтын. Кенет іші ауырып, басылар деген үміті бола қоймады, ауруы жиілей берді. Бұл өмірге келуге асыққан сəбиінің толғағы еді. Түс кезінде перзентханаға жеткізілген Жанар кеш түсе босанды. Дүниеге шыр етіп Жандос пен Жанардың ұлы келді. Кесір тілігіне ұсынған дəрігерлерге көнбей, өзі босанған Жанар ана болу бақытын ұғынды. Бөбегін кеудесіне алғанда алпыс екі тамыры иіп, тұла бойы балқып, нағыз бақытты, ана махаббатын тəнімен де, жанымен сезінген ол, бар қиындығын, уайымын ұмытып, бақыттан басы айналды.
Бірақ, толғақ кезінде де, босанған сəтте де көзінің ауырсынғанын, бұлдырағанын байқаса да, ол көзінің көру жүйесіне зақым келгенін білмеді. Сол күннен бастап - ақ көзінің бұлдырауы жиілей берді. Көз бұлдырағандықтан басы да айналатын. Оған қоса қан қысымы тұрақсыздық танытты. Орнынан тұрып, өздігінен баланы алып жүруге дəрігерлер тыйым салды. Жанардың көзін тексеріп, ота жасауға дайындықты бастап кеткен-ді. Бірақ, дәрігерлердің күткенінен де Жанардың көз жанары суалып, кішкене саңылаудан ғана үміт күтті. Шұғыл жасалған отаның арқасында сол саңылауды ғана сақтап қалды. Ол саңылаудан бұлдырап қана көрінгені болмаса, ақыры суқараңғылық меңдеген еді. Сəбиін бір апта ғана көрген Жанар ауруханада сəбиімен бірге бір ай ем қабылдап, үйіне оралды. Бір ай бір жылдай, тіпті он жылдай өтіп болмады ол үшін. Таяқпен жүруді, сезінуді, айналадағы жағдайларды түйсікпен қабылдауды үйренді. Психолог мамандардың көмегімен өзінің бойындағы құндылықтарды жоғалтпай, өмірге құлшынысы артты. Ең бастысы өз-өзіне сенімділігін жоғалтпады.
Жанардың осындай күйге түскені ата-анасына да өте ауыр соққы болды. Аллаға жалбарынып, "Алла, бар құдіретіңмен қызымның жанарына нұр құйшы" деп сұрады. Жатса да тұрса да Жанарын ойлап, қамыққан анасы да баласы үшін жанын беруге əзір. Екеуі бірін-бірі сабырлыққа шақырып, қызы мен күйеубаласына, тұңғыш тәтті жиенін көруге келді. Оларды қуана қарсы алған балалары бақытты еді. Дастархан басында Жанардың "анашым ең əдемі көйлегіңізді киіп келіпсіз ғой" дегені анасын таң қалдырған. Əкесі зерек те ақылды қызының көзінің көрмей қалғанына көп болмаса да, аз уақыттың ішінде зағиптарға тəн сезімталдық қабілетінің ерекше дамығандығын бірден түсінді.
Қызының қайсарлығына, кейбір ер-азаматтардың өзі тағдырдың осындай сынағына шыдамай күйзеліске түсіп, сынып кететін қиындыққа қарсы тұра білгеніне риза болды. Айтамын-ау деп дайындап келген басу сөздерінің өзі бұл жерде артық екенін сезіп үндемеді. Үнсіз ғана қызының шашынан сипап, алақанын қысты.
Жандостың да бақыттан көзі жайнап, шуақ шашқан жүзінен махаббаттың, əкелік сезімнің самалы еседі. Сүйген жары жанында, баласы бауырында одан артық бақыт бар ма? Ештеңе болмағандай, ешқандай қиындық көрмегендей, тағдырдың толқыны мен өмірдің ағысына қарсы жүзген екі жастың қайсарлығына туыстары да, дос-жарандары да риза болып, өздерінің дені сау, мүмкіндігі толық бола тұрып, сəл нəрсеге ашуланып, тағдырға лағынет айтатындарына ұялды.
Əрине, Жанар мен Жандосқа оңай болмады. Бірақ, ұжырғасын түсіріп, солай болды екен деп, елдің бəрінің мазасын алғанда немесе басқалардың аяушылығын көргенде бəрі орнына келе қояр ма? Жандос кез - келген адамға үлгі болған Жанардай асыл жарын аялап, қолынан жетелеп, қамқор бола білді. Дәрігерлердің жанарын қайтаруға үміт жоқтығын айтса да, интернет арқылы шет ел дəрігерлеріне құжаттарын жіберіп кеңес алып отырады. Уақытымен емін алғызып, қолынан келгенін жасауда.
Жандостың қамқорлығын сезінген сайын Жанардың өзіне сенімділігі артып, болашаққа нық қадам жасады.
Ол көруден қалдым деп қол қусырып отырмады, нашар көретін жəне зағип жандарға арналған кітапханаға барып, Брайльша оқу техникасын меңгерді. Газет, журналдарды дыбыстап оқу бағдарламасының көмегімен ел жаңалықтарын оқып жүрді. Сүйікті мамандығынан қол үзбеу үшін компьютермен жұмыс істеуге арналған тифлокомплекс құрылғысын үйренді. Тифлокомпьютерді үздік меңгерген жалғыз маман болғандықтан Зағиптар қоғамының басқарушысы болып жұмысқа қабылданды. Интернеттің əлеуметтік желілері арқылы елдің барлық қалаларындағы және шет елдегі зағиптар қоғамымен тәжірибе бөлісті.
Сөйтіп, Қоғамның дамуына көптеген тың идеялар мен жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Фабрикалар ашып, мүгедектерді жұмысқа алды. Олардың өмірге көзқарастарын жақсартып, моральдық тұрғыда күш алып тұруы үшін, түрлі тренинг, семинар айына бір рет концерт ұйымдастырып отырды. Жұмысшылар ішінен небір жанбай қалған жұлдыздар əн шырқағанда тыңдаған жанның көзіне еріксіз жас келтіретін. Аптасына бір рет кітапханашыларды шақырып, елдегі жаңалықтарды оқып беруге шақырды.
Көзі көрмесе де, көкірегі сезіп, білімді де зерек түйсікпен, ішкі интуициясының ерекшелігімен кейбір жанары жайнаса да көре алмайтын, сезіне білмейтін жандардан Жанар əлдеқайда озық еді. Оның өмір сүруге талпынысы, өзі үшін ғана емес, өзгелердің де өмірге деген көзқарасын өзгертуге қабілеті ерекше жаралған жан еді. Жүзі жылы, қашан көрсең бақытты жүзіне күлкі үйіріліп тұратын асыл жан қиындықты осындай қасиеттері арқылы жеңе білді. Бұл өмірді сүйетін, өмірге ғашық жандардың ғана қолынан келеді.
Бұл əңгіме көз жанарынан айрылса да, өзінің рухани құндылығын жоғалтпаған, өмірге деген сүйіспеншілігі күннен күнге артқан зағип қыз туралы. Екі жастың іргетасы мықты шаңырақ құрып, махаббатты берік ұстанып, қиындықты бірге жеңе білгендігі көпшілікке ой салып, өмірге құштарлығы артса екен деген тілекпен,толығымен ойдан құрастырылып жазылды.

Авторы: Гүлмира Ахметқызы.