Қаралы сұлу
Қара түн, бәлкім, қаралы сұлу құсалы? Қара көз жабық, айқара ашық құшағы. Қараңғыдағы соқыр көбелек жалпылдап, Жарыққа қарай ұшады.
Ол кете барды...
Ол кете барды. Бұрылып қарамады да. Өзіндей жанды Жүрегім таба алады ма? Шыныменен-ақ, шынайы махаббат деген «Қарамаулардан осылай жаралады» ма?
Көгілдір түн
Көгілдір түн. Көк түннің көктемі гүл. Жұлдыз сүрер бір-ақ күн көкте ғұмыр. Сонау алыс жұлдыздар алыс емес, Мына түн қап-қара емес, көп-көгілдір.
Жауын...
Жауын! Жаудың ба? Жып-жылысың. Өзіңсің таңғы бағым, түнгі ырысым. Көктемнің хабаршысы, қуанышы, Тағы да сол көктемнің бір мұңысың.
Көктем, сені көргенде ән салмадым мен
Көктем, сені көргенде ән салмадым мен. Бұрынғыдай... Қырқаға шығып, құстарды қарсы алмадым мен. Мұным қалай? Кеудемді жарған алғашқы бәйшешек сезім Қыстың ең соңғы кәріне ұрынбағай. Көңілімде сыз.
Ауыл. Іңір.
Ауыл. Іңір. Беймаза шақ – естегі Азан-қазан мал қайтқанда төстегі. Дала аспаны, түн алдында түнерген Қызылбауыр бұлттары бар көшпелі... Санамдағы сол суретті сарғайтқан Алматының алтындалған кештері.
Бұл жаңбыр – таза су емес...
Бұл жаңбыр – таза су емес, Бұл – аққан аспан кірі. Аспанның асты – адамдар, Бірінен қашқан бірі. Ешкімге жетер емес Тәңірдің тасқан нұры...
Дегелек қар
Түнге сіңген... ұмытып Күн ұяны, Қыз тағдыры секілді, қиын әні... Қар жауып тұр. Бақыттан басы айналған Жұлдыздар көрінбестен жымияды.
Жиырма бір жаста мен...
Кешкі сегіз. Ескі Арбаттың көшесін Кезіп келем. Он тоғызы наурыздың. Сезімімнің бүгіні мен кешесін Өлшейтұғын аспандағы жалғыз Күн.
Саксафоншы
Тілсіз жылап өмірге ғашық әні, Тәкаппар мұң табанға басылады. Тиын тастап үлгермей тақияға, Тағдырлылар...әр жаққа асығады.
Есіңде ме? Көктем еді...
Есіңде ме? Көктем еді. Көктеп еді бүршіктері талдың да, Қызыл гүлдер қаптап еді шалғында. Құшағына қызыл гүлді толтырып, Сен тұрып ең алдымда.