Бала асырап алғыңыз келе ме?
Бала асырап алу туралы бұрын ойлап көрген емеспін. Бірақ, өзім тұсауын кескен мынау суреттегі бөбектің жүрегімді шым еткізгені сонша, түнімен соны ойлап, ұйықтай алмай шықтым. Және оны көпке дейін ұмыта алмай жүрдім. Сөйтіп, қысқаша журналистік зерттеу жасауға тырыстым. Тапқан мəліметіммен бөлісейін. Елімізде 30 мыңнан астам жетім бала бар екен, олардың 2 мыңы ғана тас жетім, қалғандары тастанды.
Бала асырап алу үшін БІРІНШІ кезекте тұрғылықты жеріңіз бойынша əкімдіктегі арнайы органға барасыз. Білім басқармасының қамқорлыққа алу және асырап алу бөліміне. Сол жерде қажетті құжаттар тізімін береді. Ең маңыздылары - басыңызда үй болу керек ( жалға алынған үй болуы да мүмкін, онда жалға алу құжаты қажет) жəне жұмыс орнынан жалақы жөніндегі анықтама аласыз. Құжат жасауға шамамен 3 ай уақыт кетеді. Ең тез болғанда 40 күн. Мамандар келіп, үй-жайыңызбен танысады, баланың ұйықтайтын, ойнайтын орны болуы шарт. Үш көршіңізден жəне жұмысыңыздан мінездеме жинайсыз. Жақын туыстарыңыздың келісімі қажет. Қағаздың бəрін ретке келтірген соң, балалар үйіне жолдама береді. Міне, қиындық осы мезеттен басталады. Себебі, бала асырап алғысы келетіндердің басым бөлігі үш жасқа толмаған жəне дені сау бала сұрайды. Ұлты қазақ, міндетті түрде ұл немесе қыз, тіпті түрі өзіме ұқсасын дейтіндер бар. Тегі қандай? Ата-анасы қылмыскер емес пе, нашақор емес пе, жындыханада емес пе? Анкетаны оқығанда, осыған көңіл бөледі. Осындай себеппен бірнеше жыл кезекте тұрса да, өзіне лайық баланы таба алмайды. Ал, баланы Құдай береді! «Қандай бала болса да, тəуекел еттім» дегендер көп ұзамай сəбилі болады.
ЕКІНШІ мəселе, заңдық жағы. Барлық баланың асырап алуға статусы келе бермейді.Тек қана ата-анасы қайтыс болған, ата-ана құқынан айырылған, өз еркімен баладан біржола бас тартқан жағдайда, оны асырап ала аласыз. Ал, бізде сəбиді арыз жазып, уақытша деп өткізетіндер көп екен. Дегенмен баласын өкіметке берген ана əдетте қайтып оралмайды. «Түбінде бір келемін ғой» деген жалған үмітпен ана, «күндердің бір күнінде келеді ғой» деген арман-үмітпен бала өмір сүреді. Ол баланы ешкім асырап ала алмайды, себебі, ата-анасы біржола бас тартпаған. Бұдан бөлек, қамқорлыққа алу жəне патронаттық тəрбие деген бар. Бір айта кетерлігі, бір отбасының балаларын бір-бірінен бөлуге заң жүзінде тиым салынған. Сізге ұнаған сəбидің балалар үйінде бауырлары болса, оларды да бірге алуға тиіссіз.
ҮШІНШІ, менің ойымша, ең маңызды фактор - ана жүрегі. Өз құрсағыңнан шыққан нəрестені алғаш қолыңа алғанда қандай күйде болсаң, асырап алатын баланы көргенде де сондай бір инстинкт туындауы керек сияқты. Сонда ғана сен ол баланың қызығына да, шыжығына да төзесің. Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммед ( с.ғ.с. ) : «Мен және жетімді өз қолына алған адам мына екеуі сияқты жаннатта жақын ( аға-інідей туыс ) боламыз», – деп сұқ және ортаңғы саусақтарын көрсеткен екен...
Елімізде 30 мыңнан астам жетім бала бар екен, олардың 2 мыңы ғана тас жетім, қалғандары тастанды.

Бала асырап алғысы келетіндердің басым бөлігі үш жасқа толмаған жəне дені сау бала сұрайды.
ЕКІНШІ мəселе, заңдық жағы. Барлық баланың асырап алуға статусы келе бермейді.Тек қана ата-анасы қайтыс болған, ата-ана құқынан айырылған, өз еркімен баладан біржола бас тартқан жағдайда, оны асырап ала аласыз. Ал, бізде сəбиді арыз жазып, уақытша деп өткізетіндер көп екен. Дегенмен баласын өкіметке берген ана əдетте қайтып оралмайды. «Түбінде бір келемін ғой» деген жалған үмітпен ана, «күндердің бір күнінде келеді ғой» деген арман-үмітпен бала өмір сүреді. Ол баланы ешкім асырап ала алмайды, себебі, ата-анасы біржола бас тартпаған. Бұдан бөлек, қамқорлыққа алу жəне патронаттық тəрбие деген бар. Бір айта кетерлігі, бір отбасының балаларын бір-бірінен бөлуге заң жүзінде тиым салынған. Сізге ұнаған сəбидің балалар үйінде бауырлары болса, оларды да бірге алуға тиіссіз.
Баласын өкіметке өткізген ана əдетте қайтып оралмайды.
ҮШІНШІ, менің ойымша, ең маңызды фактор - ана жүрегі. Өз құрсағыңнан шыққан нəрестені алғаш қолыңа алғанда қандай күйде болсаң, асырап алатын баланы көргенде де сондай бір инстинкт туындауы керек сияқты. Сонда ғана сен ол баланың қызығына да, шыжығына да төзесің. Пайғамбарымыз хазреті Мұхаммед ( с.ғ.с. ) : «Мен және жетімді өз қолына алған адам мына екеуі сияқты жаннатта жақын ( аға-інідей туыс ) боламыз», – деп сұқ және ортаңғы саусақтарын көрсеткен екен...
Ең маңызды фактор - ана жүрегі.
Нәзира Бердалы