Жаңа туған нəресте

Бұл сəбидің өмірге келген сəтінен 28ші күнге дейінгі уақытты қамтитын кезеңі. Бұл уақытты сəби тек ұйқы жəне тамақтанумен ғана өткізеді, тіпті күн мен түнді де ажырата білмейді. Өмірге жаңа ғана келген сəби ағзасы өте əлсіз. Сондықтан болар, 9 ай 9 күн ананың жылы құрсағында болған сəби осы кезеңде барынша анасының құшағы, жылулығы мен махаббатына зəру.
Бұлшық еттерінің əлсіздігі салдарынан , бала мойынын əлі дұрыс ұстай алмайды, жұдырығы жұмулы, денесі физиологиялық гипертонуста. Дене бұлшық еттері тонусының жоғары болуы 3ші айға қарай қайтады. Ему жəне жұту рефлекстері айқын байқалады.
Жаңа туған нəресте үшін ең дұрыс тағам ол ана сүті. Сəби сұраған сайын емуі тиіс! Алғаш күндері уыз, 4ші күнге қарай сүт келе бастайды. Нəресте еміп қойғаннан кейін құсуы мүмкін, бұл қалыпты (ол туралы мақала бар) сол себепті де құсығы тыныс жолдарына түсіп кетпес үшін, еміп болған нəресте ұйқыға кетсе бір қырына жатқызған дұрыс. Нəресте омырау ұшын дұрыс алмаса ему барысында көп ауа жұтып, бұл оның іш ауруына алып келуі мүмкін.
Перзентханадан шыққаннан кейін үйге аймақтық педиатр патронаж жасап, жоқ дегенде аптасына бір рет келуі тиіс.
Нəресте кіндігі түскеннен кейін сутегі асқын тотығымен сүртіп, артынан күнделікті жара жазылғанша бриллиант көгімен өңдеуге болады.
Сонымен қатар нəресте терісі нəзік, күнделікті шомылуды қажет етеді. Сабынды суға қарағанда череда шөбі, теңіз тұзы қосылған су пайдалырақ болып келеді. Нəресте денесі құрысып қалмач үшін арнайы жаттығулар мен массаж жасап тұру керек. Массажды стерилденген сұйық маймен жасауға болады.
Жаңа туған нəресте үшін таза ауа аса пайдалы. Қыстың күні суықтап қалудан сақтанып, арнайы коверт немесе көрпешеге салып алған дұрыс. Ал жаз мезгілінде күн өтіп кетуден сақтанып, тіке күн сəулесінің балаға түсуінен қорғау қажет.

Авторы: Айдана Кеңесханқызы
дәрігер
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.