Өлең - жыр байқауы 2018
Өлең жазатын қабілетің бар ма? Шығармашылығыңды танытқың келеді ме? Танымал ақындармен жүздесіп, кеңес алғың келеді ме? Шығармаңды кітап боп басылған өлеңдер жинағынан, республикалық басылым
Гүл сияқтымын...
Гүл сияқтымын... Бөлме гүлі. Топырағым – көзеде. Терезеден телміретінімді, Өзімді-өзім сендіретінімді Күндердің бір күнінде кезігеміз деп, Анау Күнім сезе ме?...
Боламын Күнге шын ғашық!
Көңілімді – мұң, Сенімімді – түн басып, Болғам жоқ әлі Күнге шын ғашық. Жүз қадам артқа шегініп, Алдыға қарай бір басып, Болғам жоқ Күнге шын ғашық.
О, өмір!
Көп көргеннен сұрармын, Көп белеске шығармын. Кей сұраққа келгенде Күмілжумен тынармын... Көрінгенге ұнармын, Күйінгенде...жылармын... Күлермін... О, Өмір! Мен өзіңе құмармын.
«МЕН СЕНІ ОЙЛАЙТЫНМЫН...»
Бұл ән – Менің көз жасым, Сүртілмеген... Бұл ән – Менің жүрегімде қорғасын Бүлкілдеген. Бүлкілдеп тұрмас мәңгі Көшеді бір күн менен. Үніңді қайтсем екен... Үлпілдеген?...
АҒА
Жүректі тілгілесе пышақтай мұң, Сіз үшін түк емес-ау «ұсақ» қайғым! Өмірді іңкәрлікпен өле сүйген, Мен Сізді ешкімге де ұқсатпаймын.
"Мәңгілік бала бейне"
Тұнық демді дүние, алқынбаған, Тыныш демін түннің мен жәй тыңдағам... Сұлық түскен сонау Ай жанарында Суық мұң бар сап-сары...айтылмаған.
8 наурыз
Әрбір үйде асылған ет, бауырсақтар, шелпектер, Өмір бойы сүю жайлы әп-әдемі ертектер... Көше толы құлпырған гүл, Гүл көтерген еркектер – Сегізінші наурыз.
Мен сені кешіремін!
Оңаша қалсам – өзімді, Кездесе қалсам – көруші көпті де алдаймын... Есеңгіреткен ең ауыр соққыдай Қайғым! Қол созым жерде жүрген өзіңді жақсы көре алмаймын, Ең сұмдығы – жек көре алмаймын...
Ана...
Бағланды жеке сойдырған, Жағланға киім толдырған Өрешеден алып дәмдісін Алдыңа әкеп қойдырған Осынау жалған дүниеде Анадан жомарт бар ма екен?
Күн иісі
Жазда қалған жылуы мен жақсы әні, Бізге мәлім күздің жайы-жапсары. Қалықтаған әне біреу жапырақ Күн сынығы секілденген сап-сары.
Естисің бе, жан ана?...
Ай құлайды көздері ашық бөлмеме, Қар құлайды ұйқыдағы қалаға. Тылсым сезім, сыймай теңіз-кеудеме, Толқын болып соғып жатыр жағаға. Естисің бе, жан ана?...
Наурыз жыры
Еріді, міне, кілең де... Жер беті ұқсап кілемге, Аршылып қардан тастұма, Раң өскен қырдың астына Қыс қашып барад қалшылдап...
Ауыл. Іңір.
Ауыл. Іңір. Беймаза шақ – естегі Азан-қазан мал қайтқанда төстегі. Дала аспаны, түн алдында түнерген Қызылбауыр бұлттары бар көшпелі... Санамдағы сол суретті сарғайтқан Алматының алтындалған кештері.
Тағы да сөнді жолақ Күн...
Күз келгенін бақтан байқа, сары алтынмен апталған, Тағы сабақ, телехабар, тағы сөздер...жатталған. Тағы да үміт, Тағы күліп...сізді сұрау ақ таңнан, Жаным менің жапырақ боп көшелерде тапталған...
Бұл жаңбыр – таза су емес...
Бұл жаңбыр – таза су емес, Бұл – аққан аспан кірі. Аспанның асты – адамдар, Бірінен қашқан бірі. Ешкімге жетер емес Тәңірдің тасқан нұры...
Тағы бір күн...
Тағы бір күн... Тағы бір күн сүрілді. Тереземді ұрланып кеп Түн ұрды. Меңірейген тыныштықта жалғызбын. Сахнаның шымылдығы түрілді.
Дегелек қар
Түнге сіңген... ұмытып Күн ұяны, Қыз тағдыры секілді, қиын әні... Қар жауып тұр. Бақыттан басы айналған Жұлдыздар көрінбестен жымияды.
Жиырма бір жаста мен...
Кешкі сегіз. Ескі Арбаттың көшесін Кезіп келем. Он тоғызы наурыздың. Сезімімнің бүгіні мен кешесін Өлшейтұғын аспандағы жалғыз Күн.
Саксафоншы
Тілсіз жылап өмірге ғашық әні, Тәкаппар мұң табанға басылады. Тиын тастап үлгермей тақияға, Тағдырлылар...әр жаққа асығады.
Есіңде ме? Көктем еді...
Есіңде ме? Көктем еді. Көктеп еді бүршіктері талдың да, Қызыл гүлдер қаптап еді шалғында. Құшағына қызыл гүлді толтырып, Сен тұрып ең алдымда.
Алматының қар басқан көшелерінде
Үйренемін, әлі-ақ мен төселемін де, Сәл көңілсізбін, мұңымды еселедім бе? Сағынып келем жып-жылы жаз – ауылымды Алматының қар басқан көшелерінде.