Гүл сияқтымын...
admin 22-11-2017, 21:32 Ару әлем 0 пікір
Гүл сияқтымын... Бөлме гүлі. Топырағым – көзеде. Терезеден телміретінімді, Өзімді-өзім сендіретінімді Күндердің бір күнінде кезігеміз деп, Анау Күнім сезе ме?...
Гүл сияқтымын...
Боламын Күнге шын ғашық!
admin 22-11-2017, 21:18 Ару әлем 0 пікір
Көңілімді – мұң, Сенімімді – түн басып, Болғам жоқ әлі Күнге шын ғашық. Жүз қадам артқа шегініп, Алдыға қарай бір басып, Болғам жоқ Күнге шын ғашық.
Боламын Күнге шын ғашық!
О, өмір!
admin 20-11-2017, 22:15 Ару әлем 0 пікір
Көп көргеннен сұрармын, Көп белеске шығармын. Кей сұраққа келгенде Күмілжумен тынармын... Көрінгенге ұнармын, Күйінгенде...жылармын... Күлермін... О, Өмір! Мен өзіңе құмармын.
О, өмір!
«МЕН СЕНІ ОЙЛАЙТЫНМЫН...»
admin 20-11-2017, 22:02 Ару әлем 0 пікір
Бұл ән – Менің көз жасым, Сүртілмеген... Бұл ән – Менің жүрегімде қорғасын Бүлкілдеген. Бүлкілдеп тұрмас мәңгі Көшеді бір күн менен. Үніңді қайтсем екен... Үлпілдеген?...
«МЕН СЕНІ ОЙЛАЙТЫНМЫН...»
АҒА
admin 20-11-2017, 20:53 Ару әлем 0 пікір
Жүректі тілгілесе пышақтай мұң, Сіз үшін түк емес-ау «ұсақ» қайғым! Өмірді іңкәрлікпен өле сүйген, Мен Сізді ешкімге де ұқсатпаймын.
АҒА
Айтқаным, Ана, ән бе еді?
admin 28-03-2016, 23:57 Ару әлем 0 пікір
Айтқаным, Ана, ән бе еді? Арманым асқар тау ма еді? Сол таудан бүгін құладым, Ана – Жер бетінде ұстап тұрған жан мені...
Айтқаным, Ана, ән бе еді?
Бұл – менің жүрегім Қаралы сұлу Көктемде екен ғой бүкіл әлемнің жұмбағы... Ол кете барды... Көгілдір түн Жауын... Көктем, сені көргенде ән салмадым мен Туған жер, сенің жауындарыңнан жаралғам!
"Мәңгілік бала бейне"
Тұнық демді дүние, алқынбаған, Тыныш демін түннің мен жәй тыңдағам... Сұлық түскен сонау Ай жанарында Суық мұң бар сап-сары...айтылмаған.
8 наурыз
Әрбір үйде асылған ет, бауырсақтар, шелпектер, Өмір бойы сүю жайлы әп-әдемі ертектер... Көше толы құлпырған гүл, Гүл көтерген еркектер – Сегізінші наурыз.
8 наурыз
Мен сені кешіремін!
Оңаша қалсам – өзімді, Кездесе қалсам – көруші көпті де алдаймын... Есеңгіреткен ең ауыр соққыдай Қайғым! Қол созым жерде жүрген өзіңді жақсы көре алмаймын, Ең сұмдығы – жек көре алмаймын...
Мен сені кешіремін!
Ана...
Бағланды жеке сойдырған, Жағланға киім толдырған Өрешеден алып дәмдісін Алдыңа әкеп қойдырған Осынау жалған дүниеде Анадан жомарт бар ма екен?
Ана...
Күн иісі
Жазда қалған жылуы мен жақсы әні, Бізге мәлім күздің жайы-жапсары. Қалықтаған әне біреу жапырақ Күн сынығы секілденген сап-сары.
Күн иісі
Естисің бе, жан ана?...
Ай құлайды көздері ашық бөлмеме, Қар құлайды ұйқыдағы қалаға. Тылсым сезім, сыймай теңіз-кеудеме, Толқын болып соғып жатыр жағаға. Естисің бе, жан ана?...
Естисің бе, жан ана?...
Наурыз жыры
Еріді, міне, кілең де... Жер беті ұқсап кілемге, Аршылып қардан тастұма, Раң өскен қырдың астына Қыс қашып барад қалшылдап...
Наурыз жыры
Ауыл. Іңір.
Ауыл. Іңір. Беймаза шақ – естегі Азан-қазан мал қайтқанда төстегі. Дала аспаны, түн алдында түнерген Қызылбауыр бұлттары бар көшпелі... Санамдағы сол суретті сарғайтқан Алматының алтындалған кештері.
Ауыл. Іңір.
Ай көзінен діріл-діріл жас тамды...
Ай көзінен діріл-діріл жас тамды. Неткен ұзақ, мағынасыз отырыс? Мен өмірге гүл боп көзімді ашқам-ды, Нәзік сабақ, нұрлы жанар, хош иіс.
Ай көзінен діріл-діріл жас тамды...
Тағы да сөнді жолақ Күн...
Күз келгенін бақтан байқа, сары алтынмен апталған, Тағы сабақ, телехабар, тағы сөздер...жатталған. Тағы да үміт, Тағы күліп...сізді сұрау ақ таңнан, Жаным менің жапырақ боп көшелерде тапталған...
Тағы да сөнді жолақ Күн...
Бұл жаңбыр – таза су емес...
Бұл жаңбыр – таза су емес, Бұл – аққан аспан кірі. Аспанның асты – адамдар, Бірінен қашқан бірі. Ешкімге жетер емес Тәңірдің тасқан нұры...
Бұл жаңбыр – таза су емес...
Тағы бір күн...
Тағы бір күн... Тағы бір күн сүрілді. Тереземді ұрланып кеп Түн ұрды. Меңірейген тыныштықта жалғызбын. Сахнаның шымылдығы түрілді.
Тағы бір күн...
Дегелек қар
Түнге сіңген... ұмытып Күн ұяны, Қыз тағдыры секілді, қиын әні... Қар жауып тұр. Бақыттан басы айналған Жұлдыздар көрінбестен жымияды.
Дегелек қар
Жиырма бір жаста мен...
Кешкі сегіз. Ескі Арбаттың көшесін Кезіп келем. Он тоғызы наурыздың. Сезімімнің бүгіні мен кешесін Өлшейтұғын аспандағы жалғыз Күн.
Жиырма бір жаста мен...
Саксафоншы
Тілсіз жылап өмірге ғашық әні, Тәкаппар мұң табанға басылады. Тиын тастап үлгермей тақияға, Тағдырлылар...әр жаққа асығады.
Саксафоншы
Есіңде ме? Көктем еді...
Есіңде ме? Көктем еді. Көктеп еді бүршіктері талдың да, Қызыл гүлдер қаптап еді шалғында. Құшағына қызыл гүлді толтырып, Сен тұрып ең алдымда.
Есіңде ме? Көктем еді...
Алматының қар басқан көшелерінде
Үйренемін, әлі-ақ мен төселемін де, Сәл көңілсізбін, мұңымды еселедім бе? Сағынып келем жып-жылы жаз – ауылымды Алматының қар басқан көшелерінде.
Алматының қар басқан көшелерінде
Бұлым да бұлым бұрымым бар ед...
Бұлым да бұлым бұрымым бар ед Белімді құшып жататын. Аналар көріп, ырым қылар ед, Бабалар беріп батасын.
Бұлым да бұлым бұрымым бар ед...