3 айлық нәресте

3 айлық нəресте бұрынғыдай емес, қатты өзгерген! Бет-əлпеті толып, денесі мықты бола түскен! Бұрынғыдай іш қату, ішке жел толу мəселесі де көптеген аналар үшін артта қалады.
❤3 айлық нəресте етбетінен жатқанда басын нық көтеріп ұстайды;
❤жақын адамдарын танып, гуілдеп, дауыстап күледі;
❤шалқасынан жатқанда бір қырына аунайды;
❤ қолмен ұсынған немесе жанында жатқан ойыншықты іліп алып, ауызына апарады.
Дəл осы айда көптеген нəрестелер əкесі мен анасын, əже-атасын сықылықтап, дауыстап күліп қуантады!
Сəби тəулігіне 16-17 сағат ұйықтайды, оның 10-11 сағаты түнгі ұйқы. Өсіп келе жатқан сəби үшін бұл кезеңде ең керек тағам - ана сүті! Сонымен қатар сəбидің сөйлеуге деген ынтасын арттырып, гуілдеген сайын онымен көбірек сөйлесіп, əңгіме айту керек!

Айдана Кеңесханқызы
дәрігер
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.