2 айлық нəресте

2 айлық нəресте анасын анық танып, көре сала күлімдеп, анасы сөйлегеніне, еркелеткеніне қуанады!
2 айлық нəресте не жасай алады:
❤көзі бұрынғыдан жақсырақ көреді, сол себепті көз алдындағы заттарды аңғарып, ұзағырақ зерттеп қарайды;
❤етбетінен жатқанда,басын көтеріп 10-15 секунд ұстай алады, дыбыс шыққан жаққа басын бұрады;
❤таныс адамдарын көргенде, қол аяғын қозғалтып, қуанып, гуілдей бастайды;
❤саусағын немесе жұдырығын ауызына жақындатса сора бастайды.
2 айлық нəрестенің түнгі ұйқысы 9-10 сағат, ал жалпы тәулігіне 16-18 сағат ұйықтайды. Нəрестені аптасына 2-3 рет шомылдырса жеткілікті.

Айдана Кеңесханқызы
дәрігер
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.