Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

Сұлу қыз әдемі сурет секілді. Қарай бергің келеді. Адам баласы Алла тағаланың ең көркем туындысы екеніне тағы бір мәрте көз жеткізесің. Біз бүгін Құдай берген келбетін өнерге айналдырған 9 қазақ қызына тоқталмақпыз. Әлбетте, ең сұлу қазақ актрисасы 17 жасында Қыз Жібекті сомдаған Меруерт Өтекешова екеніне ешкім шәк келтірмес. Дегенмен, мақаламыз «Жас әрі көрікті қазақ актрисалары» деп аталғандықтан, біз мұнда жасы 30-дан аспаған аруларды ғана топтастырдық.

Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

1. Әлия Әнуарбек (Телебарисова). 1993 жылы 30 сәуірде Тараз қаласында дүниеге келген. Бойы 178 см. Жас актриса 2012 жылы түсірілген "Жаужүрек мың бала" фильмінде Зере ролін ойнағаннан кейін әйгілі болды. Ең алғашқы ролі - Ақан Сатаевтың «Ағайынды» телехикаясындағы кіші келін. Сондай-ақ, "Жас ұлан", "Балкон" фильмдеріне және "Сыныптастар" мен "Ағайындылар-2", «Жаным» телехикаяларына, бірнеше қысқа метражды киноленталарға түскен. Лос-Анжелесте Нью-Йорк киноакадемиясының актерлік өнер бөлімінде оқыған. Әлия тұрмыста, күйеуінің есімі - Азамат. Ерін күтіп-баптай білетін инабатты қазақ қызының өмірлік қағидасы: «жұмысым ол – хоббиім, ал отбасым – менің карьерам». Осы қағидаға сай, Әлия үй жұмыстарының барлығын өзі істейтіндігін, тамақ жасап, кір жуып, жалпы айтқанда нағыз келіннің жұмысын жасайтындығын айтады.

Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

2. Гүлназ Жоланова. 1993 жылы 12 қарашада Ақтау қаласында дүниеге келген. Бойы 169 см. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Ойнаған рольдері: 2015 ж. «Құстар әні» - Жібек, 2014-2015 жж. «Махаббатым жүрегімде» (1,2 бөлім, телехикая) – Кәмшат, 2014 ж. «Қыздар» телехикаясы – Зере. Гүлназ 2014 жылғы «Қазақ аруы» байқауының бас жүлдегері.

Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

3. Динара Бақтыбаева. 1993 жылы 17 қарашада Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Алматы Энергетика және Байланыс Университетінің түлегі. Кинодағы алғашқы ролі - «Он и Она» (2013). 2015 ж. «Одни из нас» (телехикая) – Карла, 2014 ж. Нархоз (телехикая) – Айсана. «Juzz funk стиліндегі биге қатысамын. Бұл әйелдің пластикасы мен ерлердің қатаңдығы араласқан би. Көп оқимын – үйдегі бүкіл кітапты оқып тауыстым. Болашақта осы әлемнің жақсаруына өз үлесімді қосқым келеді» дейді Динара.

Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

4. Құралай Анарбекова. 1989 жылы 11 маусымда Ақтөбе облысы, Шалқар ауданында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "технолог" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2006 жылы сұлулық байқауында "Ақтөбе аруы" атағын жеңіп алған. Қазір Мәскеу қаласындағы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтында (ВГИК) "продюсер" мамандығында оқуын жалғастыруда. Рольдері: 2011 ж. "Менің күнәлі періштем" - Айша (реж. Талғат Теменов), 2011 ж. "Жаужүрек мың бала" -Қорлан (реж. Ақан Сатаев). Міне, қазақ қызы деп мақтанышпен көрсетуге тұрарлық, болашақ батырдың анасындай келбетті ару.

Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

5. Аша Матай (шын аты жөні — Ақбота Асқарбекова). 1988 жылы Алматы қаласында туған. Әнші Арман Қоңырбаевтың жұбайы. Рольдері: 2009 ж. «Біржан Сал» — Ләйлім, 2011 ж. «Возвращение в «А» (Қазақстан, Ресей) — Әлия, 2012 ж. «Жаным-2» — Салтанат, 2012 ж. «Қара шаңырақ» - Айсұлу, 2016 ж. «16 қыз» - Айжан.

Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

6. Жәния Джуринская. 1990 жылы 6 желтоқсанда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Джуринская деген тегі әзербайжандық әжесінен қалған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Фильмография: 2013 - "Өкініш" (реж. Мақсат Оспанов). Телехикаялар: 2011 - «Болашақ» (реж. Серікбол Өтепбергенов), 2012 - «Парыз» (реж. Жасұлан Пошанов), 2013 - «Өмір өткелдері» (реж. Нарын Ерлан), 2013 - «Вузеры» (реж. Асқар Ұзабаев).

Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

7. Салтанат Бақаева. 1987 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының музыкалық драма және кино бөлімінде жоғары білім алған. Кәсіби шеберліктен бағыт-бағдар берген актер-ұстаздар: Тілектес Мейрамов пен Рахилям Машурова. Театрда, басқасын айтпағанда, Джульетта, Таңсұлу бейнелерімен көрермен көзайымына айналды. «Арнау» дуэтінің әншісі. Өнердің екі саласын тең ұстаудан қорықпаған, қарапайым да кішіпейіл, сүйкімі келіскен қазақ қызы. Отбасын құрған, екі баланың анасы.

Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

8. Аружан Жазылбекова. Актриса, модель, журналист және видеоблогер. 1986 жылы 25 ақпанда Алматыда дүниеге келген. Қатысқан фильмдері: «Свадьба на троих» - 2015 ж., «Оралу» - 2015 ж., «Рэкетир-2» - 2015 ж., «Ауылдан қашу. Махаббат операциясы» - 2015 ж., «Қазақша тонау» - 2014 ж. КИМЭП жоғарғы оқу орнының халықаралық журналистика бөлімін тәмамдаған. 2004 жылы Ford Models Supermodel of the World байқауында үздік ондықтың қатарына кіріп, Еуропаның сән сахналарында әлемге әйгілі сәнгерлердің киім үлгілерін көрсеткен. Аружан 2010 жылы Тоқтар Қарсақбаевтың «Качели любви» фильмі арқылы кино әлеміне жолдама алды. Кинорежиссер Ахат Ибраевтың жұбайы.

Жас әрі көрікті қазақ актрисалары

9. Айнұр Ілиясова. 1986 жылы 2 қыркүйекте Ташкент қаласында дүниеге келген. Б.Бейшеналиев атындағы Қырғыз мәдениет және өнер институтын «театр және кино актрисасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2008-2010 жылдары Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актрисасы болған. Рольдері: 2012-2013 жж. «Ауылдан қашу» (телехикая, 1,2 маусым, реж. Н. Адамбаев) – Айжан, 2013 ж. «Бажалар» (телехикая, «Ел арна») – Дария, 2013 ж. «Сырғалым» (телехикая «Қазақстан») – Алма, сондай-ақ, көрерменге көптеген комедиялық рольдері арқылы таныс. Бүгінде қазақ актрисасы атанып жүрген Айнұрдың әкесінің ұлты – ауған екенін екінің бірі біле бермейді.

Әдетте сұлулық рейтингтерінің алдыңғы қатарынан көрінетін Әсел Сағатова, Әсел Сәдуақасова, Қарлығаш Мұхамеджанова, Гүлшарат Жұбаева сынды актрисаларды бүгінгі тізімге қосқан жоқпыз. Өйткені, бұл мақалада біз тек 23-тен 30 жасқа дейінгі актрисалар туралы мәлімет бердік.

Ескерту: Актрисалардың реттік саны сұлулық көрсеткіші бойынша қойылған жоқ!


Жұлдыз Мұхитқызы
(с) ak-kelin.kz
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.