ДАНА НҰРЖІГІТ: "Ақымақтық жасамай, ақылды бола алмаймыз..."
НӘЗИРА БЕРДАЛЫ: Арма, ардақты тыңдаушы! Бүгін біздің студиямызда «Ақ отау» отбасылық бағдарламасы эфирге шыққаннан бері әрбір ролигінде сіздер дауысын естіп жүрген сүйікті тележүргізушілеріңіз, журналист, «Қазақстан» ҰТА «Дара жол» бағдарламасы арқылы жүректеріңізге жол тапқан Дана Нұржігіт.
ДАНА НҰРЖІГІТ: Сәлеметсің бе, Нәзира?! Сәлеметсіздер ме, қымбатты радиотыңдармандар?!
Н: Бүгінгі тақырыбымызды «Жаңа маусым – жаңа өмір» деп атап отырмыз. Дана ханым, Ұлттық арна жаңа маусымды бастады. Бірақ «Ақ отау» отбасылық бағдарлама болғандықтан біз үшін одан да маңыздырақ тақырып бұл - жаңа өмір – сіз құрған жаңа отбасы болып отыр. Шаңырақ көтергеніңіз құтты болсын! Керегесі кең, шаңырағы биік, босағасы берік болсын сол үйдің! Әлеуметтік желі де, көптеген еліміздегі сайттар да жарыса жазып жатыр. Дегенмен бұл тақырыпта сіз еш жерде сұхбат берген жоқсыз. Бүгін Қазақ радиосында эксклюзивті сұхбат болмақшы. Сіздің жаңа отбасыңыз туралы білсек. Жездеміз кім? Қалай таныстыңыздар?
Д: Иә, менің өмірімде осындай жаңалық болып жатыр. Құттықтаулар жан-жақтан осы күнге дейін келіп түсуде. Көптен-көп алғыс айтамын әрқайсыңызға! Менің бүгінгі үйімнің иесі, киесі, отағасы Мұрат Әбдіразақов деген азамат. Қызылорданың тумасы. Біз бұл кісімен екі жыл бұрын танысқан едік. Өкінішке орай, қайғылы жағдайда. Мұрат екеуміздің жерлесіміз, бәріміз үшін ортақ тұлға Батырхан Шүкеновтің жаназасынан кейінгі қонақасында дастархандас болдық. Елден келген қонақтардың арасында Мұрат бар еді. Бірақ, ол кезде бәріміздің қабырғамыз қайысып, жылап-сықтап, алып бара жатқан табыттың артынан қарап, Батырханымызды қимай қоштасып жатқан жағдайда кіммен танысып, кіммен дастархандас болғаныңды да аңғармайсың. Оған қоса менің репортаж түсіруім керек еді. Мен ол кезде өзімнің кәсіби міндетімді де атқарып жатқам. Қасымда бауырым Рүстем болатын. Сол кезде інім екеуміздің қасымызға келіп: «Мен де қызылордалықпын. Араласайық, ағаларың боламын»,-деп, менің қандай жағдайда тұрғанымды көріп, Рүстемнен нөмірімді алған болуы керек. Рүстемге де берген екен өзінің нөмірін. Бірақ, одан кейін екі жылдан бойы хабар-ошарсыз кеткен. Алғашқы таныстығымыз сол енді. Ал енді жақынырақ біліскеніміз қысқы Универсиада кезінде. Мен комментатор ретінде алғаш рет жұмыс істеген болатынмын. Алғашқы тәжірибем. Қазспорт арнасындағы қыз-жігіттер маған осындай ұсыныс бергендіктен мен бас тарта алмадым. Оның жыры бір бөлек. Сөйтіп төрт күн таңнан қара кешке дейін микрофонның алдынан кетпей жұмыс істеп, бесінші күні шаршап Астанаға үйге қайта оралсам, көп пікірдің ішінен біреуі ерекше көзіме түсті. Өзін маған жақын адам ретінде таныстырып, менің сол кезде күйзелісте жүргенімді білетін адамдай хат жазып,whatsapp желісі арқылы көңіліңді серпілтетін, қанаттандыратын хат жолдапты. Таныстығымыз осыдан екі жыл бұрын қайғылы жағдайда басталып еді ғой деп есіме түсірді. Содан хат алыса бастадық. Бір айдан кейін көрістік. Міне, енді осындай жағдайға келіп отырмыз.
Н: Бұрынғы қыз-жігіттер секілді хат алысып, солай таныпсыздар ғой бір-біріңізді. Расымен де хат арқылы адамның ішкі жан дүниесі ашыла түседі, иә?
Д: Иә. Ол жігіттің де жеті жылдан бері басы бос екен. Менің де екі жылдан бері Астанаға көшіп, жаңа өмір бастаған кезім. Бірақ, шынымды айтсам бұл жайлы еш жерде айтқан жоқ едім, Нәзира. Бірінші отбасымнан ажырап, қандай жағдайда өмірімді жаңа парақтан бастағанымды еш жерде айтпаған едім. Оның себептерін айтқым да келмейді. Өйткені, әңгімесі біткен жұбайлардың сол қазаны жабулы болса екен деймін. Ол енді өмірдің бір мектебі болды. Оған мен өкінбеймін. Ол жанұяда бір-бірімізге береріміз де болды, бір-бірімізден аларымыз да болды. Бірақ, әңгіме бітті. Ал, Астанаға ат құйрығын шорт кесіп келгенімнің де себебі осы болды. Себебі, мені Алматыда ештеңе ұстаған жоқ бұдан кейін. Мен ол кезде "Хабар" арнасынан кетіп қалдым. 17 жыл еңбек етіп, 24 жасымда кіріп, 41 жасымда сол "Хабар" арнасының есігін жапқан 2013 жылдан бері мен далада жүрдім. Ешкімге керексіз болмадым деп айтпаймын. Өйткені мен фрилансер ретінде жұмыс істедім. Ешқандай корпорация, ешқандай арнаға тәуелді болған жоқпын. Өз нанымды өзім тауып, өз тіршілігімді өзім кешіп жүрген жалғызбасты анаға айналдым. Менің қандай қиындықтардан өткенімді, жалғыз қалып баламды сүйрелеп тіршілік еткенімді ешкім білмей-ақ қойсын. Оның өзінің қызығы да, шыжығы да болды. Ол әркімнің басында болып жататын жағдай. Мен үшін қашанда маңыздысы және мені ешқашан сатпайтын дүние – менің мамандығым, бойымдағы ата-анамнан берілген қасиетім және намысым деп айтар едім.
Рәбиға Сыздықовамен бір жолы ұзақ сырластық. Ол кісі менің түсінігімде қазақтың ең бір ғылымда жүрген кейуанасы. Өте намысты келіншек, намысты апай, намысты кейуана. Соның арқасында ол ғылымның да биігіне шықты. Ана ретінде де, жар ретінде де, ұстаз ретінде де осындай мәртебеге ие болып отыр бүгін. Маған сол кісі идеал.
Мен жүнжіп, ел бетіне қарай алмай, ұрлық жасаған адамдай "мені біреу аясыншы" дегенді жек көремін. Мың жерден жаным ауырсын, ішкі күйзелісте жүрейін, оның шығармашылыққа еш қатысы жоқ. Ол тіпті творчествоға керекті дүние. Ол сенің ішкі рухани лабораторияң. Сен сондай күйзелістен өтпесең - айтарың да жоқ. Үнемі рахатта, үнемі беймарал шақта жүретін адамның басы ойдан ада, анализ, сараптамадан ада болады.
Н: «Көйлегі көктік, тамағы тоқтық аздырар адам баласын» деп хакім Абай бекер айтпаған ғой. Ақындарға да көп айтып жатады ғой "неге өлеңдеріңіз мұңды" деп. "Поэзия сағатына" келген әрбір ақынға қойылады сол сұрақ, тыңдаушылардың тарапынан. Сонда бәрінің айтатыны: "егер ақында мұң болмаса, ол ақын бола алмайды" дейді, жаңа өзіңіз айтпақшы.
Жаңа күйзелісте жүрдім дедіңіз ғой. Сол кездері бір тілдестік-ау деймін телефон арқылы. Сонда өзім таңқалатынмын. Данадай кәсіби маманды қалай көрмей отыр, қалай шақырмай отыр біздің телеарналар деп. Астанаға келдіңіз, Құдайға шүкір, жаңа өмір басталды.
Д: Осы жерде айта кетейін. Жаңа өмірімнің басталуына мұрындық болған – Нұржан Жалауқызы. Сол кезде «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын басқарып отырған білгір де білікті маман. Алматыда отырғанда бір шақырған, «Таңшолпанды» басқарасың ба деп. Ол кезде балам омырауда болды да мен бас тарттым. Ал енді мына жерде маған керек болғандықтан... Мен шынымды айтсам, сұрағанды жек көремін, сұрай алмаймын адамнан, өзіме керек кезде. Ортаға адам салайын ба, біреу арқылы айтайын ба, қалай келсем екен деп қырық ойланып, аяғында өзім телефон соқтым. «Міне, апай, барым да, нарым да осы. Тәжірибем бар, басым бар, қол-аяғым, тілім бар. Баяғы Дана. Керек болсам, шақырсаңыз, мен дайынмын» дегенде ол кісі де мені тоқтатпады. "Дайынбыз, Дана, кел" деді. "Бір аптада келесің бе" дейді. "Ойбай, бір апта емес, бір айда келейін" деп, белгіленген күні ақ қар, көк мұзда қарашада үдере көшіп келдім Астанаға.
Н: Жаңа өмір басталды ғой?
Д: Жаңа өмір басталды, таяқ жерге тасталды дегендей (күліп). Бірақ, ол кезде екінші рет тұрмыс құрамын-ау деген жоспар болған жоқ. Менің жоспарым – Астанада аяқтан қайта тұру, өз мамандығымды, өз орынымды табу, жаңа ұжымға сіңісіп кету. Мен өзімді-өзім сынадым. "Сен баяғы Данасың ба, бүгігі көшке ілесе аласың ба, сенің әлде де қауқарың бар ма" дегендей.
Н: Дана, сіз өзіңізді жоғары бағаламайтын сияқтысыз? Осы қасиет маған да жетіспейді. Кеше ғана «Астана» телеарнасына шықтым, «Қайырлы таң» бағдарламасына. Арна басшысы өзі шақырып ұсынды және ешқандай кастингсіз бірден сеніп тапсырды. Желіде көптеген көрермендер жазып жатыр. «Неге ұлттық арнадан кетіп қалдыңыз? Ол жер сізге жұмыс ұсынбады ма?»деп. Бірақ, менің айтарым, мен де Дана ханым сияқты жұмыс сұрап ешкімнің алдына барған жоқпын. Егер маған сенім артып, бағалап шақырып отырған жер болса, неге сол жерге бармаймын? Сіз айтпақшы, 17 жылдық тәжірибем бар. Білетін адам біледі ғой. Айтпағым, сол өз-өзін бағалау деген дүние жетіспейтін сияқты. Сіз қатарлы журналистер мектебін ашып жатыр. Мектеп ашсаңыз сіздің береріңіз де көп болмақ. Оған анық көзім жетеді. Бірақ кәсіпкерлікке де мойын бұрмаймыз. Осы күнге дейін жалдамалы жұмысшымыз.
Д: Ол бойда иә болу керек, иә болмау керек-ау деймін. Болса мен осы уақытқа дейін бірдеңе ашып алар ма едім.
Н: Неге "жоқ менде" деп үзілді-кесілді ойлайсыз?
Д: Күмән көп өйткені. Уақыт өте келе байқаймын, баяғыда осы тәуекелшілдігім басым еді. Қазір жүкті бірінші жан-жағынан қарап, өңгеріп алып кете аламын ба деп сұрақты көп қоямын өзіме.
Н: Бұл жауапкершілктің жоғарылығының белгісі.
Д: Иә, ол уақытпен келеді, ол жасыңмен келетін шығар. Енді менің қартайып тұрғаным шамалы. Өмірдің бел ортасына келдік ғой. Дегенмен, мына мектеп жайлы әңгімені мен емес Мұрат бастады. Менің емес, соның арманы болып жүр мектеп ашу. Өйткені ол енді мені көрермен ретінде жақсы білген болуы керек, зерттеген болуы керек. Бірақ, жағдай дәл осылай бұрыла кетеді, екеуміз бір шаңырақта өмір сүреміз деп ойламаған сыңайлы. "Мектеп аш. Сені тыңдайтын шәкірттер көптеп келеді" деп айтады. Ол енді кәсіптің адамы болғандықтан, істің адамы болғандықтан, сол жағын көбірек ойлайтын шығар. Ал менің жауапкершілігім өте жоғары. Мен не айтамын, қандай жол сілтеймін, қанша жерге дейін жетектеп апарамын, ол білімді керек ете ме, ал сен мұғалім болғанда екінші Дана жасағың келе ме, калька жасағың келе ме? Әлде оның бойына талант берсе, сол дәнді әрі қарай дамыта аласың ба? Сондай талантты ұстазсың ба? Мен білмеймін ғой оны. Бірақ, ақымақтық жасамай, ақылды бола алмаймыз.
Н: Мектеп ашып жатқандардың бәрі осылай басын қатырады деп ойламаймын.
Д: Мүмкін сондықтан да оп-оңай ашылып жатқан шығар.
Н: Ендігі сауал - Әлім батырдың биыл мектепке баруы. Бұл да жаңа өмір ол үшін. Үлкен өмірдің табалдырығын аттады.
Д: Ол да екі мектептен өтіп жатыр деуге болады. Өйткені, үйге жаңа адамның келуі, өзінің жаңа мектепке баруы. Мен түсінемін, балаға да оңай емес. Бірақ, егер мен жеке басымдағы жаңалығымды сәл кешірек жасасам Әлімге одан да қиын болар еді. Қазір бала небәрі алтыда. Мектептегі балалармен араласып, жаңа өміріне назарын көбірек аударады. Өйткені өмірінің тең жартысы қазір мектепте өтеді. Ал мына жақта сағынып, мауқын басу үшін ата-анасына келеді. Міне, осы жағынан мен дұрыс жасадым-ау деп ойлаймын. Мүмкін, мен де қателесетін шығармын, кім біледі... Бірақ, Мұратты әу баста жақсы қабылдады. Енді кейде "өмір осындай болады екен, үйде екі адам болады екен ғой. Мамам махаббатын тек маған ғана беріп отырушы еді, енді назарын басқа адамға да аударады екен-ау" дегендей бала қызғаныш болып тұрады кейде. Оның шоғын мен кейде көріп отырамын. Онсыз болмайды.
Н: "Әке" дейді ғой, иә?
Д: Иә, әке дейді. Енді осы жерде екеумізге Құдай сабырлық берсін.
Н: Анасының махаббатын бала тіпті туған бауырларымен де бөлісуге дайын болмайды. Анасын тек өзімдікі болса екен деп ойлайды. Сондықтан түсінікті жағдай өзіңіз айтпақшы.
Д: Сосын, Нәзира, мынадай нәрсені айтқым келеді. Мен әу баста үлкен той жасаймын, жұртты дүрліктіремін деп ойлаған жоқпын. Бұл Мұраттың шешімі болатын. "Бірінші отбасыңда мұндай болмаған екен, сен ақ көйлек кимепсің. Өмірді осылай бастағанымыз дұрыс деп" Мұрат шешкен болатын. Мен уақыт өте қазір сол дұрыс екен деп ойлап отырмын. Өйкені, мен өзіме-өзім тәуелді емес екенмін. Соны ұғындым. Бүгін мен қырық бестемін. Осыған дейін біраз өмірбаянымды жасап тастаппын. Мен ешқашан мерейтой дегендерді атап өтпегенмін, туған күн дегендерді мейрамханаларда тойлаған емеспін. Осы не үшін керек деппін. Өмірдің бір белесіне келген кезде мұндай есеп беру өзіңнің алдыңда, ортаңның алдында керек екен. Қырық бес жас, баламның мектепке барғаны, Астанаға көшуім, орнығуым, отбасылық өмірді бастауымды дәл осылай ақ көйлекпен ақ парақтан бастағанымды, Мұраттың ақыл-кеңесімен бастағанымды өте дұрыс деп ойлаймын. Керек екен. Қыздардың тойсыз, құдалықсыз өзіміз үшін өмір сүре берейік деген шешімдеріне бұрын либералдық көзқараспен қарайтынмын. Қазір ойлаймын жоқ, әрбір институт, отбасылық институт, құдалықтың институты адам өмірінде бекерден бекер пайда болған емес. Ол керек. Адам өзі үшін, ортасы үшін есеп беру керек. Мен кіммін деген сұраққа, мен қайда келіп тіреліп отырмын қазір, қандай нүктеге жетіп отырмын дегенді көкірек көзі шәйдай ашылып көру керек екен.
Н: Исламда да бар ғой. Адам өзінің некелескенін жан-жағына жариялау керек деген. Бір қой сойып болса да жариялау керек, айналасы есту керек. Некенің жария болуы – некенің басты шарты екен. Өйткені, қазір жасырын неке қиғызып алатындар бар. Кім кімнің әйелі, кім кімнің күйеуі екенін де білмей жатамыз. Ондай некеде некенің шарттары дұрыс орындалған болып есептелмейді екен. Әрине, жасыратын еш нәрсеңіз жоқ. Жүзіңіз жарқын. Әркімнің өмірде қателесуге құқы бар, қателігін түзетуге де құқы бар. «Сүрініп кетпе, сүрініп кетсең болғаны» деген Мұқағалидың өлеңінде де бар. Бізде сүрініп кетсең жұбатуға емес, жылатуға құмар пенделер көп қой. Расында қателік жасамайтын адам болмайды. Маңыздысы соны түзете алдың ба? Сол қадамың арқылы басқаларға қандай ой тастадың, сол маңызды деп ойлаймын. Ал, енді "Жаңа маусым - жаңа өмір" атты тақырыбымыздың бірінші бөлігіне көшсек. Жаңа маусым.
Д: Бір қызығы, жаңа маусымда маған «Дара жолдың» орынына мүлде басқа хабар ұсынған болатын. Бір құпияны ашып қояйын. Мен үш аптадай қатты ойландым. Ол мүлде басқа бағдарлама. Менің жеке өмірімдегі жаңалығымды іліп алған болу керек менің басшыларым, әріптестерім. «Сенің бір басың екеу болып жатыр. Күнде көк жәшіктен көріп отырған көрерменнің отбасының бір мүшесіне айналып кеттің. Сондықтан отбасылық бағдарлама жүргізсең»,- деп, менің жеке өмірімдегі жаңалығымды іліп алып мамандығыма салып жібергілері келді. Мен маман ретінде оларды түсіндім. Және ол рейтинг беретінін де түсіндім. Қазір рейтинг деген бәлегеге байланып қалдық ғой. «Дананың бір басы екеу болыпты» деп бір күн айтады, екі күн айтады. Күндердің күні шаңы басылады ғой ол тойдың да. Сосын жоқ жерден тақырып іздеп, тағы да Дананы ілік қылып отырамыз ба деп ойладым. Сосын «Дара жолдағы» әңгімең деп мені қимайтын, студиядағы келген қонағымды қимайтын көрерменді мен қимай қалдым. «Дара жол» әлі бәрін беріп болған жоқ. Өйткені, ел ішінде тұншығып жатқан қанша талант бар. Біраз жасқа келіп, өзінің кіндігі ажырамаған ауылына еңбегі сіңіп, бүкіл республикаға таныла алмай жатқан қаншама азаматтар бар. Ел ішіндегі зиялы қауымның жасы келіп қалғандары бар. Олардың айтары бар әлі. Біз жазып үлгеруіміз керек. Алтын қорға сақтап үлгеруіміз керек. Менің миссиям, менің командамның миссиясы, ұлттық арнаның да миссиясы сол. Оның үстіне 2018 жылы қазақ телевизиясы өзінің 60 жылдығын тойлайды. Сол тойға материалды біздің хабар дайындайды деп білемін. Сондықтан да мен ақырында «Дара жолда» қалатын болдым. Бір ғана жаңа маусымдағы ерекшелік - біз Алматы студиясына көштік. Осыған дейін Астанада түсірген едік. Бейсен Құранбектің «Қарекетіне» көрші болдық.
Н: Риясыз әңгімеңізге рахмет!

Таныстығымыз осыдан екі жыл бұрын қайғылы жағдайда басталып еді.

Менің қандай қиындықтардан өткенімді, жалғыз қалып баламды сүйрелеп тіршілік еткенімді ешкім білмей-ақ қойсын.

Екінші рет тұрмыс құрамын-ау деген жоспар болған жоқ. Менің жоспарым – Астанада аяқтан қайта тұру, өз мамандығымды, өз орынымды табу, жаңа ұжымға сіңісіп кету. Мен өзімді-өзім сынадым.

Қырық бес жас, баламның мектепке барғаны, Астанаға көшуім, орнығуым, отбасылық өмірді бастауымды дәл осылай ақ көйлекпен ақ парақтан бастағанымды, Мұраттың ақыл-кеңесімен бастағанымды өте дұрыс деп ойлаймын.
Н: Риясыз әңгімеңізге рахмет!