ТОРТ 5 МИНУТТА!
Қазіргі уақытта кез-келген үйде микротолқынды пеш бар. Оны тек тамақ ысытуға пайдаланбай, торт пісіріп те, кәдеге асыруға болады. Міндетті түрде жасап көріңіз!
Шоколадты бисквит:
Жұмыртқа – 2 дана;
Сүт – кішкене кесемен жарты кесе (50 г.);
Сұйық май - 6 ас қасық;
Какао ұнтағы – 3-4 ас қасық;
Қант – 8 ас қасық;
Ұн – 8 ас қасық;
Ас содасы – 1,5 шәй қасық
Әуелі қант пен жұмыртқаны араластырып, шайқап, ақ көбікке айналдырамыз.
Сосын оған какао ұнтағын қосып, жайлап араластырамыз.
Енді осы шоколадты сұйықтыққа ұн және ас содасын (арнайы торт пісіруге арналған «разрыхлитель» болса тіпті жақсы) қосып, жақсылап араластырамыз.
Енді бұл қою қамырға сүт және сұйық май құямыз. Жақсылап былғаймыз (араластырамыз).
Микротолқынды пеште қолдануға болатын ыдысты майлап, сұйық қамырды құйып, ең жоғарғы жылдамдықпен пісіреміз. Егер тортты кекс түрінде дайындағыңыз келсе, оны шәй құятын биік шынаяққа да құя салуға болады.
Жылдамдығы 1000 пеште – 4 минут, 800 болса – 5 минутта піседі.
Шоколадты бисквит піскенше кремін дайындаңыз:
3 ас қасық какао, 3 ас қасық сүт, 6 ас қасық қант, 1 ас қасық сары май. Бәрін араластырып, баяу отта ұстап, қайнай бергенде алып, дереу ыстық бисквиттің үстіне құясыз.

Ас болсын!