Француз салаты
Дайындауға кететін уақыт: 15 минут.
Құрамындағы барлық нәрселерді дайындап алып, үккіштен өткізгенде бірден ыдысқа жасаса, тез әрі дәмді болады.
2 алма
4 жұмыртқа
2 сәбіз
1 пияз
майонез
ірімшік
Ең әуелі жұмыртқаны отқа қойып, қайнатасыз. Ол піскенше сәбіз бен пияздың қабығын аршып, жуып, алманы төртке бөліп, ортасындағы дәндерін алып, тазалап қою керек. Тоңазытқыштан майонез бен ірімшікті шығарыңыз. Салат жасайтын ыдысты дайындаңыз. Пиязды дөңгелектеп турап, қайнаған суға бір салып алыңыз (қайнатпаңыз!) Енді піскен жұмыртқаны суық суға салып, ол суығанша салаттың алғашқы екі қабатын жасай беруге болады.
1 қабат – дөңгелектеп туралған пияз, майонезбен сылау
2 қабат - 1 алманы ірі үккіштен өткізіп, майонезбен сылау
3 қабат - 2 аршылған жұмыртқаны ірі үккіштен өткізіп, майонезбен сылау
4 қабат - 1 шикі сәбізді ұсақ үккіштен өткізу, майонез
5 қабат – ірімшікті ұсақ үккіштен өткізу
Қабаттарды қайталаймыз: 1 алма, 2 жұмыртқа, 1 сәбіз, ірімшік.
Асыңыз дәмді болсын!