Қыз өсіріп отырған аналарға кеңес
Бала тәрбиесі қажырлы еңбекті талап етеді, оның ішінде қыз баланың тәрбиесіне аса көңіл бөлу керек. Менің қызым сегіз жаста. Ол жеткіншек қыздарға қатты еліктейді. Соған шамалы жүрексініп қоямын. Дегенмен, бұл қалыпты жағдай. Өйткені, біз балаларымызды осы аумалы-төкпелі кезеңнің қиындықтарынан құтқара алмаймыз. Алайда ертеңгі күні мықты, өзіндік пікірі бар тәуелсіз тұлға боп қалыптасуы үшін, олардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп тәрбиелеуге болады. Осы оймен, қыз бала өсіріп отырған аналар үшін бірнеше ережелерді ұсынуды жөн көрдім:
1. Сіздің косметикаңыз — енді қызыңыздың косметикасы.
Қызыма менің опа-далаптарымды жағып ойнаған қатты ұнайды. Уақыт өте келе оған бояу неғұрлым азырақ болса, соғұрлым жақсы екенін үйрету керек. Ал қазіргісі жай ғана қызығушылық.
2. Етеккір жайлы айту ыңғайсыз, дегенмен айтқан дұрыс.
Әйел затының ағзасындағы шындықты түсіндіру – менің міндетім. Қызым бұл тақырыпта анасымен сөйлесуден қысылмауы тиіс. Етеккірі келетініне дайын болуы қажет.
3. Қызыңыздың балалық шағын ұзағырақ сақтауға тырысыңыз.
Менің қызым ешқандай косметика қолдануға болмайтынына, киімді өзі таңдай алмайтынына және ұялы телефоны жоқ екеніне қатты ызаланады. Алайда, қызымның қамсыз-қайғысыз балалық шағын ұзағырақ сақтап, ересектердің өміріне тым ерте араласуынан сақтау – менің борышым.
4. Қызыңыздың әкесімен қарым-қатынасына қолдау танытыңыз.
Ол өзін жақсы көретін ер адамның барын білуі тиіс. Сонда ғана оны бірінші кездескен жігітке ессіз ғашық болудан сақтай аласыз.
5. Қызыңызға ақшаны бағалауды үйретіңіз.
Қызыңызға күндердің күнінде өз бетінше өмір сүретін уақыт келетінін түсіндіріңіз. Ол ақшаны үнемдеп жұмсауға дайын болуы тиіс.
6. Дене сымбаты туралы сөйлескенде абай болыңыз.
Қыз баланың болашақта өзінің дене сымбатын қабылдауы сізге байланысты. Ол сізді ең сұлу әйел деп есептейді. Оның көзінше артық салмақ мәселесін қозғап, дене бітіміңіздің кейбір кемістіктері туралы айтпаңыз. Қызыңызға "дене бітімің әдемі, бәрі қалыпты түрде өсіп жатыр" деу керек.
7. Қызыңызды қорғаңыз және өзін қорғауға үйретіңіз.
Әлемге мықты әйелдер керек. Менің қызым маған сенеді. Әрдайым менен көмек сұрай алатынын да біледі. Бірақ ол менен көмек сұрамас бұрын, мәселені өзі шешуге тырысуы тиіс.
8. Қызыңыздың мінез-құлқын мақтаңыз.
Тек сұлулығы үшін қолпаштау аз. Ол әдемілігімен қатар, көркем мінезді екенін сезінуі тиіс. Сондықтан, оған сен ақылдысың, қайсарсың немесе мейірімдісің деп те айтып отырған жөн. Бұл қызыңыздың жадында мәңгілік сақталып қалатын сөздер.
9. Айналасындағы адамдармен арақатынас шегін ажыратуды үйрету.
Оған әрдайым құрмет пен сыйластықтың маңызды қарым-қатынас екенін түсіндіруге тырысыңыз. Ненің жақсы, ненің жаман екенін сөзбен ғана емес, әрекетіңізбен көрсетіңіз. Айтылған сөз ұмытылып кетуі мүмкін. Ал іс-әрекетіңіз балаңыз үшін әрдайым үлгі болып қалады.
10. Асқақ армандарыңызды жүзеге асыруға тырысыңыз.
Егер өз өміріңізде жетістікке жетсеңіз, қызыңыз да болашақта өзінің сүйікті ісімен айналысу маңызды екенін біліп, арманға қол жеткізе алатынына сенімді болады. Мен сол себепті оған мақалаларымды, блогтарымды оқып, жетістіктеріммен бөлісіп отырамын. Ол менің мақсат-мүддемнің бар екенін, сол биік мақсаттарға қол жеткізу үшін ерінбей-жалықпай жұмыс істейтінімді біледі.
11. Ұл балаларға қатысты әңгімелескенде бәрін ақылмен шешу керектігін құлағына құйып отырыңыз.
Ақыл, түйсік және ішкі сезімге сену – осы үшеуін де ескеру қажет. Мұны ешуақытта ұмытпасын.
12. Қыздың арының қадірлі екенін түсіндіріңіз.
Арақатынастар туралы ашық түрде сөйлесіңіз. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың қандай болуы қажеттігін, қандай арақатынасқа жол бермеу керектігін және оның бойынан адамдар нені көруі тиіс екенін түсіндіру керек.
Танымал блогер Карисса Анселлдің кеңестері

Тәржімалаған: Тоғжан Рысбек