Адамға өз жеке ерекшеліктерін білу не үшін қажет?

Бұл тақырып келіп түскен хаттар желісіне қарай "Жеке ерекшеліктер" туралы болмақ.
Не десек те, жер бетінде неше миллиард адам болса, сонша миллиард мінез ерекшелігі бар. Алланың құдіреттілігі сонша, оған ешкім қарсы да тұра алмайды, оны ешкім ешқандай етіп өзгерте де алмайды. Мұның бәрі әлдеқашан ғылымда зерттеліп қойған дүние. Тіпті "бес саусақ бірдей емес", бір ата-анадан туған бауырлар, оны айтасыз, егіздердің өзін мінезіне қарап ажыратып жататына жиі куә болатынымыз рас қой! Жалпы, психология ғылымында жеке ерекшеліктерді қарастыратын теориялар жетерлік. Соның ішінде көпшілікке кеңінен танымалы И.П.Павловтың темперамент теориясы. Ол бойынша, интроверт, экстраверт, тұрақты және тұрақсыз типтерді: яғни, холерик, сангвиник, флегматик және меланхоликті бөліп көрсетеді. Нақты қай адамда қандай темперамент түрі басым кездесетінін анықтайтын әдіс-тәсілдер де жеткілікті. Кейде темпераменттер өзара араласып та келіп жатады.
Осы ретте айтарым, нашар темперамент түрі болмайды, тек олардың тиімсіз жақтарын тиімдіге айналдырып тәрбиелеуге болады.
Ал, енді өзімнің мінезім тұйық, балам ширақ емес, өзімнің мінезім ұнамайды, өзгергім келеді, қыздармен не жігіттермен қалай ортақ тіл табыса аламын, оны қалай өзгертемін деген сауалдарға берер жауабым: табиғаттан берілген нарсені өзгерту қиындау, дегенмен қай темперамент өкілімен болсын, сауатты түрде педагог-психологтар топтық жұмыстар жүргізу арқылы тиімді мінез-құлық пен қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыра алады. Ол үшін жеке тұлғалық өсу, коммуникативтік дағдыларды дамыту тақырыбындағы тренингтерге қатысуға болады. Өз бетіңізше дамытуға болады, бірақ уақыт жағынан ұзақтау болады. Ал, қарым-қатынас ортада дамитындықтан ортаның әсері өте көп. Міне, сол себепті де нақтылы практика қажет.
Ал, Сіз өз темпераментіңізді білесіз бе?

Шолпан Кенжеева
психолог
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.