Бақыттың 10 кілті
1. Бірінші құпия: Ойдың сиқыры
- Сүйіспеншілік ойлаудан бастау алады.
- Ойлаған ойымыз орындалады. Сондықтан сүйіспеншілікке толы ой ғана сүйіспеншілікке толы өмір мен пәк махаббатқа жол ашады.
2. Екінші құпия: Құрметтеу сиқыры
- Сүйіспеншілік құрметтен басталады.
- Ең алдымен өзіңе құрметпен қара.
3. Үшінші құпия: Сыйлау сиқыры
- Махаббатқа бөленгіңіз келсе, ең алдымен өзіңіз сүйе біліңіз! Махаббатты өзіңіз сыйлаған сайын, сізге деген махаббат та арта түседі.
- Сүю деген қайтарымсыз жаныңның жартысын беру. Қайырымды іс жасауға асығыңыз.
- Махаббаттың құпия формуласы – өзіңізге сүйген адамыма не бере аламын деген сұрақты үнемі қоюдан шаршамаңыз.
4. Төртінші құпия: Достық сиқыры
- Нағыз махаббатты кезіктірмес бұрын, алдымен нағыз досты тапқаныңыз жөн.
- Жақсы көру дегеніміз - ғашықтардың әлемге деген көзқарастарының бірдей болуы.
5. Бесінші құпия: Жанасу құпиясы
- Жанасу – ара-қатынасты нығайтатын, кедергілерді талқандайтын махаббаттың ең қуатты көрсеткіші.
- Жанасу физикалық және эмоционалдық күйді өзгертеді, адамдардың сүюге деген ынтасын ашады.
- Жанасу тәнді емдеп, жанды жадыратуға көмектеседі. Құшағыңды жайған сайын, жүрегің де ашылады.
6. Алтыншы құпия: «Өз еркіне жіберу» принципі
- Бір жанды жақсы көрсеңіз, өз еркіне жіберіңіз. Егер сізге қайта оралса, демек сіздің адамыңыз, егер оралмаса, ешқашан сіздік болмаған деген сөз.
- Шынайы ара-қатынастағы адамға да өзіне ғана тиісті кеңістік керек.
- Егер сүюді үйренгің келсе, алдымен кешірімді болуды үйрен, өткен өкпені, ренішті, қорқынышты, жалған сенімді ұмыт.
7. Жетінші құпия: Араласу сиқыры
- Емен-жарқын араласқан сайын, өміріміз де өзгере түседі.
- Жақындарыңызды жақсы көретініңізді jолардың есіне салып тұрыңыз.
- «Мен сені сүйемін» деген үш сиқырлы сөзді айтудан қорықпаңыз.
- Біреуді мақтайтын мүмкіндік туса, сол мүмкіндікті пайдаланыңыз.
8. Сегізінші құпия: Адалдық сиқыры
- Махаббат шынайы болуы үшін, адалдық бірінші орында болу керек.
- Махаббатың кілті – адалдық.
9. Тоғызыншы құпия: Сезімдерді ояту сиқыры
- Сезім махаббаттың жалынын сөндірмеуге септігін тигізеді. Сондықтан сүйіктілеріңізді таңғалдырудан жалықпаңыздар.
- Кенеттен жасалған сыйлықтар сезімдердің оянуына көмектеседі.
10. Оныншы құпия: Сенім сиқыры
- Махаббат үшін сенім маңызды бір фактор болып табылады. Сенімсіз адам күдікшіл, мазасыз болып, бәріне күмәнмен қарайды.
- Егер адамға толығымен сенбесең, оны сүю мүмкін емес.
- Өзіңіздің адамыңызды анықтау үшін мына сұрақты өзіңізге қойып көріңіз: «Мен бұл адамға еш шүбәсіз сенемін бе?»
© Адам Джексон

Тәржімалаған: Тоғжан Рысбек