11 айлық нəресте

11 айлық нəресте қолды-аяққа тұрмайды. Оған енді ересектердің киім-кешегі, əсіресе ас үй заттары қызығырақ! Бұрын телефон, пульт,ноутбукке қызығып қарағанымен, бұдан былай қызығушылығы тек арта түсіп, таласып, алуға ниеттенеді.
❤Көптеген балалар бірнеше сөздерді мағынасын біліп айта алады: "мама", "папа", "ата", "апа" іспеттес;
❤өзіне айтылған, немесе ересектер өзі туралы айтқан сөздердің көбін түсінеді;
❤заттарды дұрыс қолданады: тарақпен шаш тарап, кесемен шай ішеді;
❤бір нəрсе жасағанда ата-анасына қарап мақтау күтеді;
❤қолын бұлғау арқылы сəлем не сау болды айтады! Керек емес нəрсеге басын шайқайды, немесе изейді.
Сəби қалаған нəрсесін қолмен көрсетеді. Кейбір пысық балалар алғашқы қадамдарын жасай бастайды!

Айдана Кеңесханқызы
дәрігер
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.