Ақ желек жамылып, ақ келін атанып, ақ босаға аттау - әрбір қыздың арманы. Алайда, оған дайындық сәби дүниеге келген күннен басталуы керек. «Ұлтты сақтаймын десең, қызды тәрбиеле» дейді дана халқымыз. «Ақ келін» ұлттық сайты кішкентай ақ бөбектерден бастап, қызғалдақтай қыз балалар, керім келіншек, аяулы аналарға арналған қызықты айдарларын ұсынады. Аруларға қажетті ақпараттың бәрін осы жерден табасыздар деген үміттеміз.
Құрметпен, жоба авторы:
Нәзира Бердалы