Бақалар жайлы тәмсіл

Бақалар жайлы тәмсіл
Бірде бақалар өзара жарысуды ұйғарыпты. Биік мұнараның басына қайсысы алғаш өрмелеп шығатынын білмек болыпты. Жан-жақтан бақалардың сайысын тамашалауға аң-құстар да көп жиналыпты. Мұнараның басына бақалардың шығамын деп тарбаңдап құлағандарын көріп, қызыққа бір кенелмек оймен. Ия, расында күлкілі ғой?! Қайдан шыға алсын бақалар мұнараның басына?! Бәрі оларды келекелеп, күлкіге айналдырып, айғайлап мазаққа айналдыра бастайды.
-Қазір құлайды, әне құлады, міне құлады.
-Көрдіңдер ме, мен айттым ғой ешқайсысы да шыға алмайды, бос әурешілік!
Тағысын тағылар.
Бақалар мұны естіп, бірінен соң бірі томпылдап құлай бастайды. Тек бір бақа ғана алға беттей береді.
-Әй, көр де тұр, қазір құлайды! -деп шуылдасты бәрі.
Бірақ, бақа құламады. Мұнараның ұшар басына шығыпты. Бәрі оған қайран қалысып, мәнісін білмекке ұмтылыпты. Басқалардың қолынан келмеген нәрсе қалайша оның қолынан келгенін?! Сөйтсе, әлгі бақа саңырау екен!!!!!! )))))))).
Бұдан шығатын түйін: кей кездері адамдардың арасында да, әсіресе жақын-жуықтарымыздан, "босқа әуре болма, сенің қолыңнан келмейді" деген сияқты өзіңе күмән келтіретін, сеніміңе селкеу түсіретін сөздерді естімей, саңырау бақаның кейпін кию де дұрыс сияқты!
Осы ретте "Болам деген баланың бетін қақпа, белін бу!" деген мақал да ойға оралады екен.

Тәмсілді орыс тілінен тәржімалаған: Шолпан Кенжеева
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.