Арулар әлемі

"Мәңгілік бала бейне"
Тұнық демді дүние, алқынбаған, Тыныш демін түннің мен жәй тыңдағам... Сұлық түскен сонау Ай жанарында Суық мұң бар сап-сары...айтылмаған.
Ауыл. Іңір.
Ауыл. Іңір. Беймаза шақ – естегі Азан-қазан мал қайтқанда төстегі. Дала аспаны, түн алдында түнерген Қызылбауыр бұлттары бар көшпелі... Санамдағы сол суретті сарғайтқан Алматының алтындалған кештері.
Ауыл. Іңір.