Құймақ

admin 10-04-2016, 23:50 5 минутта 0 пікір
Құймақ
Құймақ - таптырмайтын таңғы ас. 5-ақ минутта дайын болады!
Бір үйреніп алсаңыз, ол сіздің қонақ келгенде шәй қайнағанша шыж-быж еткізер тағамыңызға айналады.

Құрамы:

• Ұн — 1 кесе
• Айран — 1 кесе
• Жұмыртқа — 2 дана
• Сары май — 20-40 грамм
• Күнбағыс немесе зәйтүн майы (сұйық май) — жарты кесе
• Тұз — 1/2 шәй қасық
• Ас содасы немесе разрыхлитель — 1/2 шәй қасық


Құймақ саны: 14-15


1. Жұмыртқаға тұз және сода салып, жақсылап араластырамыз. Электронды миксерді пайдалансаңыз, құймақ жақсы көтеріліп, үлпілдек болады.
2. Айранды құйып, ары қарай араластырамыз.
3. Ұн қосып, түйіршіксіз, қаймақ тәрізді болғанша қозғаймыз.
4. Табада майды қыздырып, сары майды да ерітіп, құймақты бір-бір қасықтан құямыз. Құюға кәдімгі ағаш қасық, ал аударуға ағаш қалақшаны қолданған жөн.

• Құймақ құюдың құпиясы - оттың бабын білуде! Себебі, қатты отта пісірсеңіз, құймақтың сырты күйіп, ал ортасы шикі боп қалады. Тым баяу отта ұстасаңыз, құймақ майды тым көп сіңіріп, өте майлы боп кетеді. Орташа отта пісіру керек.


Ас болсын!
Оқи отырыңыз
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.